Шығыс Қазақстан облысының өкілі Нора Джеруто ҚР ұлттық құрамасы сапында Қытайдың Тяньцзинь қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатында алдына топ жарды, деп хабарлайды F16.kz.
Спортшы 3000 метр қашықтыққа жүгіру сайысында 8:46.87 нәтижесін көрсетіп, қарсыластарынан оқ бойы озық шықты. Күміс жүлдені жапониялық Нозоми Танака (8:48.22) иеленсе, қола медаль Қытай спортшысы Ло Сяға бұйырды (9:16.18).
Бұл алтын медаль — Қазақстан құрамасының осы чемпионаттағы екінші жоғары жүлдесі. Бұған дейін Нора Джеруто 1500 метр қашықтықта қола медаль жеңіп алған.
Айта кетейік, құрлықтық дода 6 ақпан күні басталған. Оған 24 елдің спортшылары қатысып жатыр. Жарыс бағдарламасына ерлер мен әйелдер арасында 26 спорт түрі енгізілген.




