Ертең Өскеменде бірінші ауысымда білім алатын мектеп оқушылары тағы да онлайн оқиды. Бұл туралы облыстық білім басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды F16.kz.
2-ші дәрежелі қолайсыз метеожағдайдың 17 ақпан сағат 8.00-ге дейін сақталуына байланысты Өскемен қаласының барлық мектептерінде 0-11-сыныптар бірінші ауысымда қашықтан оқытуға көшіріледі, — делінген хабарламада.




