Синоптиктер көктемнің алғашқы айына консультативтік болжам жасады деп хабарлайды F16.kz.
Қазгидрометтің болжамына сүйенсек, көктем жылы күн райымен басталады. Ауа температурасы күндіз -7…-12 градустан +2…+7 градусқа дейін, түнде -19…-24°С-тен -3…-8°С-қа дейін жоғарылайды.
Алайда, екінші онкүндіктің басында күн қайта суытуы мүмкін. Ауа райы тұрақсыз болып, термометр бағаны күндіз -12°С, түнде -24°С-қа дейін төмендейді.
Онкүндіктің соңында күн едәуір жылынғанымен, ұзаққа созылмайды. Үшінші онкүндікте тұрақсыз ауа райы сақталып, түнде …-13°С-қа дейін, күндіз …+2°С-қа дейін күн суытады, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ синоптиктер, нормадан көп жауын-шашын мен қатты жел соғатынын болжады.




