Ертең ШҚО-да ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Түнде облыстың солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауып, қатты жел соғуы ықтимал, деп хабарлайды F16.kz.
Кей аймақтарда күндіз де жауын-шашын болуы мүмкін.
Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыс орталығында да екпіні 15-20 м/с жел соғады, — делінген хабарламада.
ШҚО ТЖД қолайсыз ауа райы кезінде тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес береді.




