Ауа райының нашарлауына байланысты кеше республикалық және облыстық маңызы бар бірнеше автожолда көлік қозғалысы уақытша шектелген, деп хабарлайды F16.kz.
Кей бағыттағы жолдарда шектеу түнде және таңертең 9.00-ден бастап алынып тасталған. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 2 учаскесі жабық күйде қалып отыр:
- ҚХР шекарасы–Майқапшағай–Зайсан айналма жолы–Қалбатау–Семей–Павлодар–РФ шекарасының 1103–1256 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасынан Зайсан қаласына дейін);
- Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары автожолының 7-166-шақырымы (Ушанов ауылы – Алтай қаласы).
Сондай-ақ облыстық маңызы бар Өскемен–Тарғын–Самар көлік жолының 63–145 шақырымы (Тарғын ауылынан Самар ауылына кіреберіске дейін) барлық көлік түрлері үшін әзірге жабық.




