Өскемендегі Сәтбаев, Есенберлин даңғылдары және Жібек жолы, Базовый көшелерінің қиылысындағы айналма жол ертең ашылады, деп хабарлайды F16.kz.
Қалалық полиция басқармасының мәліметінше, 21 ақпанда сағат 8:00-ден бастап көлік қозғалысы жанданады.
Бүгін айналма жол сынақтан өткізіледі.




