Өскеменде өткен көркем гимнастикадан 2014-2016 жылы туған жасөспірімдер (I разряд) арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды F16.kz.
Ел біріншілігінде Шығыс Қазақстан облысының құрамасы екі бірдей алтын медаль жеңіп алды.
Лентамен жаттығу финалында Інжу Нұрбекова үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды.
Сондай-ақ бес лентамен орындалған топтық жаттығуда Влада Полякова, Айниса Еркін, Дария Мұрат, Айару Оразбекова және Амира Бекпаевадан құралған команда қоржынға тағы бір алтын жүлде салды.




