ШҚО-да ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстық және республикалық жол учаскелері жабылды, деп хабарлайды F16.kz.
Сағат 13.30-дағы жағдайы бойынша республикалық маңызы бар:
- Өскемен–Семей тас жолының 12–103 шақырым аралығы (Казачье ауылы – Абай облысының шекарасы);
- Алматы–Талдықорған–Өскемен–Шемонаиха–РФ шекарасы 1013–1062 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасынан Алмасай ауылының бұрылысынна дейін);
- Алматы–Талдықорған–Өскемен–Шемонаиха–РФ шекарасы 1104–1212 шақырымы (Глубокое ауылы – РФ шекарасы) жабық.
Облыстық маңызы бар:
- Көкпекті–Самар–Васильев өткелінің 48–40 шақырымы (Абай облысының шекарасынан Аққала ауылына дейін);
- Өскемен–Тарғын–Самар тас жолының 63–145 шақырымына (Тарғын ауылы – Самар ауылы) шектеу енгізілді.
Сондай-ақ республикалық маңызы бар Өскемен–Риддер–РФ шекарасы жол учаскесі (15–105 шақырым, Белоусовка кенті – Риддер қаласы) және облыстық маңызы бар Шемонаиха–Секисовка тас жолына (0–56 шақырым, Шемонаиха қаласы – Секисовка ауылы) жүк көліктері мен жолаушылар автобусының шектеу енгізілді.




