Пушкин атындағы облыстық кітапханада Халықаралық әйелдер күніне орай «Арулар асыл жандар» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды F16.kz.
Әйел заты қаншалықты нәзік болса да барлық салада жемісті еңбек етіп келеді. Олар отбасында ғана емес, мемлекеттік қызметте, кәсіпте, ғылым мен мәдениетте де белсенді.
Шараның мақсаты — өлкеміздегі сәні мен сымбаты үйлескен түрлі мамандық иелерін дөңгелек үстел басына жинап, сұхбат құру. Жерлес арулардың асыл қасиеттерін үлгі ете отырып, адал еңбек етіп жүрген жандардың ұлағатты өмірін үлгі ету, — дейді ұйымдастырушылар.
Дөңгелек үстелге қатысушылар бүгінгі қоғамдағы әйелдердің атқарып отырған рөлі, мамандықтары туралы пікірлерін ортаға салды.




