Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін шаңғы жарысы биыл 7 наурыз күні Глубокое ауданында ұйымдастырылады, деп хабарлайды F16.kz.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы өңір тұрғындарын, әуесқой және кәсіби спортшыларды Глубокое ауданы, Бобровка ауылы, Заречная көшесі, 117 мекенжайында орналасқан «ШҚО СБЖТМ» КММ шаңғы базасына шақырады.
Жарысқа қатысу үшін 8 705 511 0280 WhatsApp нөміріне жазуға болады.
Іс-шара сағат 10.00-де басталады. Ұйымдастырушылар старттық хаттамаларды алдын ала дайындап, әрбір .қатысушыға жайлы жағдай жасауы үшін өтінім беруді кешіктірмеуге кеңес береміз, — делінген хабарламада.




