Наурызнама онкүндігіне орай өңірде жоспарланған шаралар легі жалғасып жатыр. Бүгін өскемендіктер ұлттық киімдер көрсетілімін тамашалап, тұрғындар арасындағы үздік образды анықтайды, деп хабарлайды F16.kz.
Бүгін сағат 18:00-де Maxi Mall сауда орталығында «Ұлттық киім – ұлт мұрасы» атты ұлттық киімдер дефилесі өтеді.
Қаламыздың талантты шеберлері мен брендтері ұлттық стильдегі киімдер және әшекей бұйымдарын көпшілік назарына ұсынады. Сондай-ақ бұйымдар және әшекейлер көрмесі ұйымдастырылады. Қала тұрғындары өзіне ұнаған образды сатып ала алады. Одан бөлек, концерттік бағдарлама мен жиналғандар тұрғындар арасында үздік образды анықтайды, — делінген қала әкімдігінің хабарламасында.
Байқау номинациялары:
- «Ең дәстүрлі образ»
- «Ең креативті образ»
- «Отбасылық образ»
- «Ең үздік балалар костюмі»
Қатысушылар мен жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталады.




