21-22 наурыз аралығында Наурыз мерекесіне арналған дайындық және мерекелік іс-шараларға байланысты бірқатар көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды F16.kz
21 наурыз күні Республика алаңында киіз үй қалашы орнатылады, сағат 06:00-ден бастап келесі көшелерде қозғалыс шектеледі:
– Қазақстан көшесі (М. Горький көшесінен Қ. Қайсенов көшесіне дейін);
– М. Горький көшесі (Бейбітшілік көшесінен Қазақстан көшесіне дейін);
– «Sulpak» дүкені бойындағы кіреберіс жол.
Сондай-ақ 21 наурыз күні сағат 13:00-ден 17:00-ге дейін Республика алаңы аумағында (С. Нұрмағамбетов көшесінен Қазақстан көшесіне дейін) жол жабылады.
22 наурыз күні сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін келесі көшелер жабылады:
– Қазақстан көшесі (Қ. Қайсенов көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін);
– М. Горький көшесі (Бейбітшілік көшесінен Пермитин көшесіне дейін);
– С. Нұрмағамбетов көшесі (Чехов көшесінен Пермитин көшесіне дейін);
– Қазақстан көшесі (С. Нұрмағамбетов көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін).
Сонымен қатар Қ. Қайсенов көшесінен М. Горький көшесіне дейін, Тохтаров көшесінен Қазақстан көшесіне дейін қозғалыс шектеледі.
22 наурыз күні сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін «Элегант» дүкені бойындағы жол (Назарбаев даңғылынан Шәкәрім даңғылына дейін) жабылады.




