А.С. Пушкин атындағы кітапханада қазақ прозасының көрнекті өкілі Қалихан Ысқақтың шығармашылығын дәріптеуге арналған «Қалихан Ысқақ оқулары» облыстық байқауы жоғары деңгейде өтті, деп хабарлайды F16.kz.
Әдеби шараға өңір мектептері мен колледждерінің студенттері қатысып, қаламгердің драмалық шығармалары негізінде сахналық қойылымдар ұсынды. Байқаудың мақсаты – жазушы мұрасын жас ұрпаққа насихаттау, көркем сөзге деген құрметті арттыру және ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты дамыту.
Қатысушылар «Қоңыр күз еді», «Тұйық», «Қара орман», «Алтайға Абай келді», «Жан қимақ» сынды шығармалар желісі бойынша әсерлі қойылымдар көрсетіп, актерлік шеберлік пен сахналық мәдениеттерін жоғары деңгейде танытты.
Байқау қорытындысы Катонқарағай ауданындағы Қалихан Ысқақ атындағы орта мектеп бас жүлдені иеленді. Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті Жарқын Айдос бірінші орын, Самар ауданындағы Абай атындағы орта мектебі мен №47 жалпы білім беретін мектеп екінші орынды иеленді. №27 орта мектеп пен Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі үшінші орынға тұрақтады.
Сонымен қатар байқау аясында арнайы номинациялар табысталды:
– «Қарасөздің қас шебері» – Аяулым Абылмажинова;
– «Көрермен көзайымы» – Фарид Кыдырмолдин және Жібек Жанымханова;
– «Қалихан Ысқақ атындағы» арнайы жүлде – Айым Кәсіп .




