3-5 сәуір аралығында Абай даңғылының оң жақ жолағы жабылады, деп хабарлайды F16.kz.
Көлік қозғалысы жылу арнасында жүргізілетін жөндеу жұмыстарына байланысты шектеледі.
Абай даңғылының (Тракторная көшесі жағынан) оң жақ жолағы жабылады. Жүргізушілерден маршруттарын алдын ала жоспарлап, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұраймыз, — делінген қала әкімдігінің хабарламасында.




