Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан және Молдова терроризм қаупі ең төмен елдер қатарына кірді. Бұл туралы Economics and Peace институтының зерттеуінде айтылған. Зерттеушілердің мәліметінше, аталған елдерде терроризм қаупі жоққа тән, деп хабарлайды F16.kz.
Зерттеу бойынша, Шығыс Еуропа мен Орталық Азия өңірі терроризм қаупі ең төмен аймақтар қатарында үшінші орынды иеленген. Былтыр бұл аймақта 39 террористік шабуыл тіркеліп, 18 адам қаза тапқан.
Салыстырып қарағанда, 2024 жылы аймақта 27 лаңкестік оқиға тіркеліп, 185 адам қаза тапқан. Негізі барлық шабуылдың үштен екісі Ресейде болған, тағы 25%-ы Украинада. Қалған оқиғалар Тәжікстанда болған.
Зерттеу авторлары өңірдегі алты елдің терроризмге қарсы нөлдік балл алғанын ерекше атап өтті. Бұл дегеніміз, кейінгі бес жыл ішінде осы елдерде бірде-бір террористік оқиға болмағанын білдіреді. Бұл елдер арасында Қазақстан, Қырғызстан, Түркменстан және Молдова бар.
Терроризм қаупінің төмен болуы бұл елдердің қауіпсіздік жағдайының тұрақты екендігін көрсетеді.




