Елімізде көктем мен жаз айлары – кене белсенділігі жоғары кезең. Өңірде сәуір айынан бастап кене шаққан адамдардың саны көбейеді. Ана мен бала орталығы кене энцефалитіне қарсы вакцина салу басталғанын хабарлады.
Аталған медициналық ұйымда тіркеуде тұрған, соның ішінде кене энцефалитіне қарсы егуге жататын және 16 жастан асқан адамдар вакцина ала алады.
Кене энцефалитіне қарсы екпені орман және далада жұмыс істейтіндер, табиғатта жиі болатындар, демалыс аймақтарының қызметкерлері және эпидемиологиялық қауіпті аймақтарда тұратын тұрғындар салдыруы керек, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, наурыздың соңында Риддер қаласында бір адамды кене шаққаны туралы дерек тіркелді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин сатып алынған. Қазір өңірдегі медицина ұйымдарында иммуноглобулиннің жеткілікті қоры бар.




