ШҚО-да мектеп оқушылары мен студенттерге арналған «Мен – кәсіпкермін» байқауы басталды, деп хабарлайды F16.kz.
Бұл байқау өңірде биыл тоғызыншы жыл қатарынан өткізіліп отыр. Алғаш рет Шығыс Қазақстанда тұсауы кесілен жоба бүгінгі таңда республикалық деңгейде жүзеге асырылып келеді. Бастамаға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі қолдау білдіреді.
Байқауды облыстық білім басқармасы, «Атамекен» ШҚО Кәсіпкерлер палатасы, Қазақстан-Америка еркін университеті мен Өскемен экономика және техника колледжі ұйымдастырады. Байқауға 14-20 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері жеке немесе үш адамға дейінгі команда құрамында қатыса алады.
Қатысушылардың жұмыстары заманауи экономиканың негізгі салаларын қамтитын он бағыт бойынша бағаланады:
- әлеуметтік кәсіпкерлік;
- сауда;
- қонақүй ісі және қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру;
- өндіріс, технологиялар және ауыл шаруашылығы;
- шоу-бизнес, мәдениет және өнер;
- дизайн және креативті индустриялар;
- білім беру, ақпарат және цифрлық технологиялар;
- медицина, денсаулық сақтау және сұлулық индустриясы;
- туризм;
- көлік және логистика.
Байқаудың финалы 20 сәуірде бизнес идеяларды көпшілік алдында қорғау форматында өтеді.




