Бүгін өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар тасжолдардың кей учаскелеріне шектеу енгізілді, деп хабарлайды F16.kz.
Бүгін сағат 9.30-дан бастап жазғы дөңгелек (шина) орнатқан барлық автокөлік түрлеріне және тіркемесі, жартылай тіркемесі бар жүк көліктеріне төмендегі учаскелерде жол жабылады:
• Өскемен – Тауыл Үлбі – Северное тасжолы (Каменный Карьерден Северное ауылына дейін);
• Өскемен – Тарғын – Самар тасжолы (Тарғыннан Самар ауылына кіреберіске дейін).
Сағат 9:00-ден бастап келесі учаскелерде шектеу қойылды:
• Өскемен – Семей тасжолы (Казачье ауылының бұрылысынан Таврия ауылына және Таврия ауылынан Абай облысының шекарасына дейін);
• Өскемен – Риддер – РФ шекарасы (Өскеменнен Риддерге дейін);
• Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары (Ушанов ауылынан Алтай қаласына дейін);
• Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы (Өскеменнен Шемонаихаға дейін);
• Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы (Абай облысының шекарасы – «Рубеж» бекеті).




