Манат ауылының тұрғындары таңқурай алқабын отырғызу жобасын жүзеге асырып жатыр. Аталған жоба облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастамасымен қолға алынып, ауылдық аумақтарды дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және тұрғындар үшін тұрақты табыс көздерін қалыптастыруға бағытталған, деп хабарлайды F16.kz.
Шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, ауыл шаруашылығы саласының мамандары, ауыл тұрғындары мен жастар белсенді қатысты.
Іс-шара аясында таңқурай көшеттері отырғызылып, жобаны алдағы уақытта кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар жастардың ауылға оралып, өзін-өзі дамытуына қолайлы жағдай жасау мәселесіне ерекше назар аударылды.
Мұндай бастамалар кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа мүмкіндіктерді игеруге және жастардың туған жерінде еңбек етуіне үлкен серпін береді, — деп атап өтті ауыл шаруашылығы саласының мамандары.




