Қасым Қайсенов кентіндегі №10 өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисті Әйгерім Рахатова кикбоксингтен өткен әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды F16.kz.
15-18 мамыр аралығында Түркия Республикасының Анталия қаласында кикбоксингтен әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде Қазақстан Республикасының намысын шығысқазақстандық Әйгерім Рахатова қорғады.
56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен тартысты жекпе-жектердің қорытындысы бойынша Әйгерім чемпион атанды.
Халықаралық аренада ол жоғары физикалық дайындығын, төзімділігі мен нағыз жауынгерлік рухын көрсетті. ШҚО ТЖД қызметкерінің бұл жеңісі — азаматтық қорғау жүйесі өкілдерінің жауапты қызметті үлкен спортпен сәтті ұштастыра алатынының дәлелі, — деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.




