F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қызмет алушылардың құқықтары қорғау – мемлекеттік аппаратқа деген сенімді нығайту

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
29.05.2026, 11:00
Жаңалықтар

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен көрсетілетін қызметті алушылардың құқығын қалпына келтіру бойынша қандай жұмыстар атқарылуда?

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен азаматтардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңды құқықтарын қалпына келтіру бойынша жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі.

Аталған жұмыстарды 3 топқа бөліп қарастыруға болады. Олар:                                        

— Азаматтардың шағымдарын қарау барысында құқықтары бұзылған болса, оны қалпына келтіру бойынша ұсыныстар жолдап, орындалуын бақылау;

— «Telegram»-bot арқылы келген азаматтардың өтініштеріне тез арада назар аударып, олардың мәселелерін шешуге көмектесу;

—  Ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру сапасына қашықтықтан мониторинг жүргізу.

2026 жылдың басынан бастап Департамент 26 көрсетілетін қызметті алушының бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Бұл тұрақты мониторингтің, өтініштерді сапалы қараудың, сондай-ақ, мемлекеттік органдармен белсенді өзара                       іс-қимылдың нәтижесінде жүзеге асырылды.

Мысал ретінде айтатын болсақ, Департамент атына азаматтан шағым келіп түсті, оған Катонқарағайауданының жер комиссиясының қорытындысы негізінде жеке қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскесінберуден бас тартылды. Бас тартуға жер учаскесінің бос еместігі, жер учаскесінің жобалану процесстері жүргізіліп жатқанын негіз ретінде көрсеткен.

Алайда, шағымды зерделеу барысында,Департамент мемлекеттік көрсетілетін қызметті беруден бас тартудың негізсіз екенін анықтады.

Департаментпен көрсетілетін қызметті алушыныңқұқығын қалпына келтіру, өтінімді қайта қарау қажеттілігі туралы аудан әкімінің атына хат жолданды. Бүгінгі күні, көрсетілетін қызметті алушы жер комиссиясының оң шешімін алды. Кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, Департаментпен шағымдарды қарау кезінде уәкілетті органдардан алынған түсіндірмелер көрсетілетін қызметті берушілерге жолданып отырады. Бұл өз кезегінде, қызметті берушілердің заңнама нормаларын түсінуде бірізділіктің болуын қамтамасыз етеді.

Сіз өз сөзіңізде «Telegram»-bot арқылы келген азаматтардың өтініштері туралы айттыңыз, бұл туралы қандай мысал келтіресіз?

Бүгінгі күні, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу және оның сапасына қанағаттанбаған жағдайда, «Telegram»-bot арқылы өтініш жазуға мүмкіндік бар. Аталған шағым тез арада шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Жыл басынан бері «Telegram»-bot-қа 28 өтініш келіп түскен. Аталған өтініштің барлығы 1 жұмыс күні ішінде өңделіп, жауаптары жолданды.

Мысалы, азамат жұмысқа орналасуға қажетті«Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін бір апта бойы ала алмауына шағымданып өтініш жазған. Өтінішті зерделеу барысында аталған мәселенің техникалық ақауларға байланысты болғаны анықталды.

Департаменттің жедел араласуы нәтижесінде 1 күн ішінде азаматқа аталған анықтама берілді.

Мұндай мысалдар тиімді мемлекеттік бақылау бұзушылықтарды уақытылы жоюға, қайталанған жағдайлардың алдын алуға және ең бастысы азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтуға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы

Е.М. Айқымбеков

 

Тегтер: мемлекетік қызмет
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

09.07.2026, 09:00
Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

09.07.2026, 08:00
Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайлауалды үгіт материалдарын орналастырудың шарттары және тәртібі туралы ақпараттық хабарлама

09.07.2026, 18:28

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

09.07.2026, 09:00

Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

09.07.2026, 08:00

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған