F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚТУ-да қазақстандағы инженерлік білімнің болашағы талқыланды

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
10.06.2026, 17:21
Жаңалықтар
ШҚТУ-да қазақстандағы инженерлік білімнің болашағы талқыланды

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде инженерлік білім берудің келешегіне арналған халықаралық пікірталас өтті. Университет базасында «Болашақ инженерлік білім: ұлттық модельді дамыту және енгізу» атты республикалық стратегиялық сессия және «Инженерлер даярлаудағы дуальды білім беру: құзыреттерден өндірістік шешімдерге дейін» тақырыбындағы халықаралық DualEdu Forum сараптамалық платформасы өтті.

Ауқымды іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің өкілдерін, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының басшылары мен сарапшыларын, өндіріс пен бизнес қауымдастығының өкілдерін, Германия, Әзербайжан және Өзбекстаннан келген халықаралық серіктестер бір алаңда бас қосты.

Стратегиялық сессия жұмысына Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті мен еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Олар инженерлік білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру, заманауи білім беру бағдарламаларын жетілдіру және халықаралық тәжірибелерді енгізу мәселелерін талқылады.

Шараға қатысқан шетелдік сарапшылар инженер кадрларын даярлаудың үздік тәжірибелерімен, дуальды білім беру жүйесін дамыту жолдарымен және университеттер мен өнеркәсіп арасындағы тиімді серіктестік модельдерімен бөлісті. Сонымен қатар білім, ғылым және өндірісті біріктіретін инновациялық экожүйелер құру тәжірибелері мен инженерлік білімді мемлекеттік қолдау тетіктері ұсынылды.

Бірінші күні сарапшылар екі стратегиялық бағыт бойынша топтық жұмыс жүргізді. Университет өкілдері, жұмыс берушілер мен салалық сарапшылар бірлесіп болашақ инженердің бейнесін және әлемдік талаптарға сай маман даярлаудың тиімді құралдарын талқылады.

Форумның жалғасы болған халықаралық DualEdu Forum аясында екінші күні «Ынтымақтастық конструкторы» атты интерактивті маркетплейс ұйымдастырылды. Бұл алаңда қатысушылар дуальды білім беруді дамытуға бағытталған нақты ұсыныстар әзірлеп, жоғары оқу орындары мен кәсіпорындар арасындағы серіктестіктің жаңа үлгілерін қарастырды. Сондай-ақ өндірістік тәжірибені ұйымдастыру, корпоративтік оқытуды дамыту және еңбек нарығының нақты сұраныстарына сай инженер кадрларын даярлау мәселелері талқыланды.

Форум жұмысына өндірістік серіктестер де белсене қатыты. Олардың қатарында «Қазцинк» ЖШС, Allur автомобиль компаниясы, Шығыс Қазақстанның энергетикалық кешені кәсіпорындары, Өскемен су электр станциясы, Өскемен жылу электр орталығы және инженерлік кадрлар даярлауға мүдделі басқа да ірі жұмыс берушілер болды.

Бағдарламаның тәжірибелік бөлімі қатысушыларға білім мен өндіріс интеграциясының нақты нәтижелерін көруге мүмкіндік берді. Қонақтар ШҚТУ-дың заманауи ғылыми-білім беру орталықтарын, инженерлік зертханаларын, құзыреттер орталықтарын аралап, халықаралық деңгейдегі инженер мамандарды даярлау және сертификаттау алаңы ретінде танылған Лу Бань шеберханасының жұмысымен танысты.

Іс-шаралар Шығыс Қазақстандағы жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарға ұйымдастырылған техникалық экскурсиялармен қорытындыланды. Қатысушылар өндіріс пен университет арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді үлгілерін көріп, дуальды білім беру жүйесін одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Екі күндік жұмыстың нәтижесінде инженерлік білім берудің ұлттық моделін жетілдіруге бағытталған нақты ұсыныстар қалыптастырылды. Ең бастысы, мемлекет, жоғары оқу орындары, бизнес қауымдастығы және халықаралық серіктестердің басын қосқан ашық диалог алаңы құрылып, Қазақстанның технологиялық дамуы мен жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін жаңа буын инженерлерін даярлауға қатысты ортақ көзқарас қалыптасты.

Тегтер: жоғары біліминженерлік білім
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған