Қазақстанның креативті индустрия өкілдеріне арналған QAZCREATIVE.KZ цифрлық платформасының тестілік нұсқасы іске қосылды. Жоба шығармашылық саласында еңбек ететін мамандарды, кәсіпкерлерді, қолөнершілерді, дизайнерлерді, суретшілерді, фотографтарды, музыканттарды және басқа да креативті индустрия өкілдерін біріктіруге бағытталған, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Платформада өз өнімі, қызметі, жобасы, шеберханасы, бренді немесе портфолиосы бар азаматтар тіркеліп, өз қызметі туралы ақпаратты жариялай алады. Бұл олардың әлеуетті клиенттермен және серіктестермен байланыс орнатып, кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуіне жол ашады.
Ақпаратты тиімді орналастыру үшін қызмет сипаттамасын, жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің фотосуреттерін, баға тізімін, байланыс деректерін және әлеуметтік желілердегі парақшаларға сілтемелерді алдын ала дайындаған жөн.
Сонымен қатар, әзірге дайын өнімі, портфолиосы немесе прайс-парағы жоқ азаматтар да өтінім бере алады. Платформа мамандары олардың сұранысын зерделеп, талантты, идеяны, дағдыны немесе жобаны сұранысқа ие өнімге не қызметке айналдыру бойынша кеңес береді.
Платформаның басты мақсаты – креативті индустрия өкілдеріне клиенттер мен серіктестер табуға, өз жобаларын ілгерілетуге және кәсіби дамуына жаңа мүмкіндіктер жасау.
Тестілік кезең аясында алғашқы 50 қатысушыға арнайы шарттар ұсынылады.
Тіркелу QAZCREATIVE.KZ платформасында қолжетімді.
Ұйымдастырушылар ақпаратты креативті индустрия өкіллері, шығармашылық бірлестіктер, жастар ұйымдары, кәсіпкерлер және өңірдің кәсіби қауымдастықтары арасында кеңінен таратуға шақырады.




