F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Адам дамуының индексі бойынша Қазақстан ТМД-да бірінші орында

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
24.07.2026, 12:39
Жаңалықтар

БҰҰ Даму бағдарламасы адам дамуының индексін жариялады. Еліміз әлемде 60-орында, ал ТМД-да 1-орында тұр. Бұл жөнінде ranking.kz хабарлады. 

Адам дамуының индексі (Human Development Index, HDI) — Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) елдердің даму деңгейін кешенді түрде салыстыру үшін әзірлеген жиынтық көрсеткіш. Ол үш негізгі бағытты қамтиды: ұзақ әрі салауатты өмір сүру, білімге қолжетімділік және лайықты өмір сүру деңгейі. Осы үш көрсеткіш халықтың әл-ауқатын, өмір сүру ұзақтығын және өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді.

Индексті есептегенде, орташа өмір сүру ұзақтығы, болжалды және орташа оқу ұзақтығы, сондай-ақ сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс ескеріледі. Көрсеткіш 0 мен 1 аралығында бағаланады.

HDI көрсеткішіне қарай елдер төрт санатқа бөлінеді:

• өте жоғары деңгей — 0,800 және одан жоғары;
• жоғары деңгей — 0,700–0,799;
• орташа деңгей — 0,550–0,699;
• төмен деңгей — 0,550-ден төмен.

Айта кету керек, Қазақстан адам дамуы деңгейі өте жоғары мемлекеттердің қатарында.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы 2025 жылғы баяндамасында әлем елдерінің 2023 жылғы деректерін қамтыған.

Онда Қазақстан 0,837 көрсеткішімен 193 мемлекеттің арасында 60-орында тұр.

Ал ТМД елдерінің арасында адам дамуының индексі бойынша Қазақстан ең үздік болып отыр.

Одан кейін тізімде Ресей (HDI — 0,832, 64-орын), Беларусь (0,824, 65-орын) және Армения (0,811, 69-орын) орналасқан. Бұл төрт ел де адам дамуы деңгейі өте жоғары мемлекеттер санатына кіреді.

Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы — 74,4 жыл. Дәл осындай көрсеткіш Беларусьте де тіркелген. Ал Ресейде бұл көрсеткіш — 73,2 жыл.

Қазақстанда болжалды оқу ұзақтығы 14 жыл болса, ал орташа оқу ұзақтығы — 12,5 жыл. Айта кету керек, қазақстандық білім беру жүйесі халықаралық рейтингтерде тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Мәселен, QS Best Student Cities 2027 рейтингіне сәйкес, Алматы мен Астананың деңгейі өсті, яғни 78-орынға (+13) және 119-орынға (+8) көтерілді. Осылайша, Қазақстан студенттік қалалардың тартымдылығы бойынша Орталық Азиядағы көшбасшы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Рейтингте елдің басты артықшылықтары ретінде жоғары деңгейдегі университеттер мен жоғары білімнің қолжетімділігі атап өтілді.

Қазақстанда сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс 30,9 мың АҚШ долларынан асты. Қарастырылған елдер ішінде бұдан жоғары көрсеткіш тек Ресейде тіркелді, онда — 39,2 мың АҚШ доллары. Беларусьте бұл көрсеткіш 26,7 мың доллар болса, ал Арменияда — 20,2 мың доллар.

Адам дамуы деңгейі жоғары елдер тобына Әзербайжан (0,789), Молдова (0,785), Украина (0,779), Түрікменстан (0,764), Өзбекстан (0,740) және Қырғызстан (0,720) енді.

Тәжікстан 0,691 индексімен 128-орынға жайғасып, қарастырылған елдердің ішінде адам дамуы деңгейі орташа санатқа енген жалғыз мемлекет болды.

Тегтер: Адам даму индексі
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Таза Қазақстан: ШҚО-да road-эстафетасы аясында 25 тонна қоқыс жиналды

Таза Қазақстан: ШҚО-да road-эстафетасы аясында 25 тонна қоқыс жиналды

17.10.2026, 12:17
Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Таза Қазақстан: ШҚО-да road-эстафетасы аясында 25 тонна қоқыс жиналды

17.10.2026, 12:17

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған