Зайсан көлінің Тұғыл ауылындағы жағажайында ШҚО ТЖД құтқарушылары жүргізген іздестіру жұмыстары барысында 1995 жылы туған ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды F16.kz.
1968 жылы туған екінші ер адамды іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр.
Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге ШҚО ТЖД күштері мен құралдары, ұшқышсыз ұшу аппараттары, катерлер және жүзу құралдары жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар да қатысуда, — дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Департамент судың тереңдігі мен жер бедерінің ерекшеліктері іздестіру жұмыстарын қиындатып отырғанын айтады.




