F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Таза Қазақстан: ШҚО-да road-эстафетасы аясында 25 тонна қоқыс жиналды

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
17.10.2026, 12:17
Жаңалықтар

«Таза Қазақстан» бір реттік тазалық акциясы емес, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыратын ортақ құндылық. Осы қағидатты басшылыққа алған «Әділет» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанаты «Taza Qazaqstan» road-эстафетасын қорытындылады, деп хабарлайды F16.kz.

13–16 қазан аралығына жоспарланған бастама аясында Ақмола, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарындағы жалпы ұзындығы шамамен 1 800 шақырым жол бойы тазартылып, 150 тонна қоқыс жиналды.

Road-эстафетаның негізгі мақсаты – жастарды экологиялық бастамаларға жұмылдыру, табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру және туған жердің тазалығына деген азаматтық жауапкершілікті арттыру. Бастама аясында жол бойындағы аумақтарды тазарту жұмыстары жүргізіліп, экологиялық акциялар, ауыл тұрғындарымен кездесулер, қоғамдық қабылдаулар, тарихи-мәдени мұраны вандализмнен қорғау шаралары және «Чемпиондық рух» бағыты бойынша спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Эстафета барысында төрт өңірдегі жол учаскелерінде тазалық жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында 317 шақырым аумақ қамтылып, 25 тонна қоқыс жиналды.

«Біз «Таза Qazaqstan» road-эстафетасын Шығыс Қазақстан облысында жалғастырудамыз. Эстафетаны Абай облысынан қабыл алдық. Шығыс Қазақстан облысында 2 аудан мен 3 ауыл қамтылып, 1000-нан астам жас қатысты. «Таза Qazaqstan» – бұл жай ғана тазалық жұмысы емес. Бұл табиғатты, тарихи мұраны және еліміздің болашағын сақтауға қосқан ортақ үлесіміз. Өйткені Қазақстанның тазалығы әрқайсымыздан басталады!» – деді қатысушы Эльмира Нурсеитова.

Эстафетаның маңызды бағыттарының бірі тарихи-мәдени мұраны сақтау болды. «Вандализмге жол жоқ» акциясы аясында қатысушылар Ақбауыр археологиялық кешенінің аумағын тазалап, тарихи-мәдени нысандардағы жазулар мен граффитилерді жою жұмыстарын жүргізді.

Road-эстафета аясында ауыл тұрғындарымен және жастармен кездесулер ұйымдастырылып, қоғамдық қабылдаулар өткізілді. Бұл алаңдарда тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалып, жергілікті жерлердегі өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берілді. Осылайша, бастама экологиялық міндеттермен қатар, халықпен тікелей байланыс орнатуға және жастардың қоғамдық өмірге қатысуын арттыруға бағытталды.

Ал «Чемпиондық рух» бағыты бойынша ұйымдастырылған спорттық іс-шаралар жастарды салауатты өмір салтын ұстануға үндеді. Экологиялық акциялар мен спорттық белсенділіктің қатар жүруі табиғатқа қамқорлық, денсаулық және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын бір арнаға тоғыстырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы қоршаған ортаны қорғау мен қоғамдық мәдениетті қалыптастырудың маңызды бағытына айналды.

 

Тегтер: ӘділетТаза Қазақстан
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33
Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44
Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15
Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Таза Қазақстан: ШҚО-да road-эстафетасы аясында 25 тонна қоқыс жиналды

17.10.2026, 12:17

Өскеменге Риддерден жәрмеңке келеді

16.10.2026, 17:33

Ескі көлікті өткізіп, жаңасын алуға бола ма? Министрлік түсініктеме берді

16.10.2026, 16:44

Риддерде жұмыс істеген Қытай компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

16.10.2026, 15:15

Қарашада күн райы қандай болады?

16.10.2026, 14:35

Өскеменде көпе-көрнеу кісі тонаған күдікті ұсталды

16.10.2026, 11:20

Елімізде екі жәрдемақының сомасы артады

16.10.2026, 11:06

«Казцинк» тағы да Өскемен ауасын ластап жатыр

16.10.2026, 10:10

Өскеменде республикалық футбол турнирі өтеді

16.10.2026, 10:00

ШҚО-да кен іздеушілікке берілген 29 лицензияның күші жойылды

16.10.2026, 09:29

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған