Өскеменнің сол жағалауындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жобасы қолға алынды. Алдағы уақытта онда байдарка мен каноэде жарыстарын өткізуге арналған ескек есу арнасы ашылады, деп хабарлайды F16.kz.
Су айдынының ұзындығы 1200 метр, ені 80-110 метр, тереңдігі 2,5 метрді құрайды. Жоба тек спорттық инфрақұрылыммен шектелмейді. Су айдынының жағалауын абаттандырып, тұрғындар мен қала қонақтарының демалуына қолайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыру жоспарланған.
Атап айтқанда, жағалауда сахна, балалар ойын алаңы мен жағажай волейболына арналған спорт алаңын салынбақ. Сондай-ақ жаяу жүргіншілерге арналған Арбат салу көзделген.
Осылайша, Өскеменнің сол жағалауында көлік инфрақұрылымымен қатар, спорттық және қоғамдық кеңістіктерді дамытуға бағытталған жобалар да жүзеге асырылмақ.




