«Қазтелерадио» 4 қараша күні профилактикалық жұмыстар жүргізеді, деп хабарлайды F16.kz.
«Осыған байланысты сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) бүкіл ел аумағында спутниктік, цифрлық эфирлік және аналогтік телевизия мен радио хабарларын тарату желілерінде телеарналар мен радиостанциялардың хабар таратуы уақытша тоқтатылады», — делінген хабарламада.
Бұл жұмыстар алдағы уақытта тұрақты әрі сапалы хабар тарату үшін қажет.




