«Қазгидромет» РМК өкілдерінің хабарлауынша, бүгін бірқатар қалада ауа сапасы нашаралайды.
«17 қарашада Көкшетау, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Семей, Атырау, Ақтөбе, Талдықорған, Алматы, Астана қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар күтіледі», — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.




