F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО-да 80 жоба мемлекеттік қолдауға ие болды

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
17.11.2026, 14:07
Жаңалықтар
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырыс өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты. Жиында отандық тауар өндірушілерді қолдау, импортқа тәуелділікті азайту және жергілікті кәсіпорындардың өндірістік әлеуетін арттыру бағыттарында атқарылып жатқан жұмыстар жайы талқыланды, деп хабарлайды F16.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңірде мемлекеттік қолдау тетіктері мен өңірлік бағдарламалардың нәтижесінде жүздеген жоба қаржыландырылып, кәсіпорындар арасында жаңа өндірістік байланыстар қалыптасты.

2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша облыстағы 80 жоба субсидиялау және кепілдік беру түріндегі мемлекеттік қолдауға ие болды. Бұл жобаларды жүзеге асыруға өңір экономикасына 21 млрд теңгеден астам несие қаражаты тартылды. Осы мақсаттарға қарастырылған 1,3 млрд теңге бюджет қаражаты толық игерілді.

Кәсіпкерлікті қаржыландыруда «Ақ-Ниет» және «Өрлеу» өңірлік бағдарламалары да маңызды рөл атқарады. Аталған бағдарламалар аясында жалпы сомасы 11,4 млрд теңгеге 377 жоба қаржыландырылды. Бұл шағын және орта бизнестің дамуына, жаңа өндірістердің ашылуына және кәсіпорындардың жұмыс ауқымын кеңейтуіне мүмкіндік береді.

Өңір экономикасының маңызды салаларының бірі — агроөнеркәсіптік кешен де мемлекеттік қолдаудан тыс қалған жоқ. Саланы дамытуға 80 млрд теңгеден астам қаражат бағытталды. Қаржыландыру субсидиялау, жеңілдетілген несие беру, ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу және егіс жұмыстарын жүргізу бағыттарын қамтиды.

Отандық өндірісті дамытудың маңызды көрсеткіштерінің бірі — тауарлар мен қызметтерді сатып алудағы қазақстандық қамту үлесі. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстанда сатып алу көлемі 212,7 млрд теңгені құрады. Оның 83,2 млрд теңгесі немесе 39,1 пайызы қазақстандық тауар өндірушілердің үлесіне тиесілі.

Сонымен қатар қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне облыстың 101 кәсіпорны енгізілді. Бұл жергілікті компаниялардың өз өнімдерін ірі тапсырыс берушілерге ұсынуына және жаңа өткізу нарықтарына шығуына жол ашады.

Отандық өндірушілер мен ірі кәсіпорындар арасындағы кооперацияны нығайтуда офтейк-келісімшарттар мен ұзақ мерзімді меморандумдардың маңызы зор. 2023 жылдан бері өңірде отандық тауар өндірушілермен жалпы сомасы 20 млрд теңгеден асатын 200 осындай келісім жасалған.

Өңірдегі импортты алмастыру және жергілікті өндірісті дамыту бағытында «Казцинк» ЖШС ерекше рөл атқарады. Компания шағын және орта бизнестің 2 мыңға жуық субъектісімен ынтымақтастық орнатқан. Сонымен бірге отандық өндірушілермен жалпы сомасы 24 млрд теңгеден асатын офтейк-келісімшарттар мен меморандумдарға қол қойған.

Компанияның өндірістік кешендерін жаңғырту да импортты алмастырудың нақты нәтижесін көрсетеді. Соның ішінде «Казцинкмаш» кешенін жаңғырту аясында өнімнің 1 000-нан астам жаңа түрі игеріліп, өндіріс көлемі екі еседен астам өсті. Бұл жергілікті өндірістің мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймай, бұрын сырттан жеткізілген өнімдерді өз өңірімізде шығаруға мүмкіндік беріп отыр, — деп хабарлады ШҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау — тек қаржылай көмек көрсету емес, сонымен қатар жергілікті кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, тұрақты өндірістік байланыстар қалыптастыруға бағытталған маңызды жұмыс. Шығыс Қазақстанда бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Негізгі басымдық — жергілікті өнімнің үлесін арттыру және жаңа өндірістерді дамыту.

Тегтер: кәсіпкерлерШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

«BEREL» ел чемпионатында жеке-дара көш бастады

«BEREL» ел чемпионатында жеке-дара көш бастады

17.11.2026, 17:21
«Әділет» партиясының білім беру саласындағы бастамалары

«Әділет» партиясының білім беру саласындағы бастамалары

17.11.2026, 16:26
Телефон қуаттаймыз деп кіріп, алтын алқаны ұрлап кеткендер ұсталды — Өскемен

Телефон қуаттаймыз деп кіріп, алтын алқаны ұрлап кеткендер ұсталды — Өскемен

17.11.2026, 15:54
Зайсан аэродромын сертификаттау рәсімі басталды

Зайсан аэродромын сертификаттау рәсімі басталды

17.11.2026, 15:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«BEREL» ел чемпионатында жеке-дара көш бастады

17.11.2026, 17:21

«Әділет» партиясының білім беру саласындағы бастамалары

17.11.2026, 16:26

Телефон қуаттаймыз деп кіріп, алтын алқаны ұрлап кеткендер ұсталды — Өскемен

17.11.2026, 15:54

Зайсан аэродромын сертификаттау рәсімі басталды

17.11.2026, 15:34

ШҚО-да 80 жоба мемлекеттік қолдауға ие болды

17.11.2026, 14:07

Өскеменде техника тұрған қойма өртенді

17.11.2026, 12:31

SHEBER: шығысқазақстандық қолөнершілер бұйымдарын платформа арқылы сата алады

17.11.2026, 11:21

Сәби Риддерден Өскеменге санавиация рейсімен шұғыл жеткізілді

17.11.2026, 10:27

Қар көшкіні: ШҚО-да 325 қауіпті учаске бар

17.11.2026, 10:17

Өскеменде бүгін ауа ластанады

17.11.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған