Өскеменде телефон қуаттап алуды өтінген бейтаныс адамдардың жергілікті тұрғынның 800 мың теңгелік алтын алқасын қолды еткен, деп хабарлайды F16.kz.
Екі ер адам қала тұрғынынан телефон қуаттауға рұқсат сұрап, гаражына кірген. Артынша бірі үй иесінің заттары қараусыз қалғанын байқап, алтын алқаны ұрлауға әрекет жасаған.
Жәбірленуші оның әрекетіне тосқауыл қоюға тырысқанда, күдікті күш қолданған. Есін жиғаннан кейін ер адам алқасының жоқ екенін байқаған. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 25 жастағы күдікті анықталды. Белгілі болғандай, ұрланған алтын алқаны күдікті танысымен бірге ломбардқа өткізіп, түскен ақшаны өзара бөліскен, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.



