Жаңа туған сәби санитариялық авиация рейсімен Риддер қаласынан облыс орталығындағы ауруханаға шұғыл жеткізілді, деп хабарлайды F16.kz.
ТЖМ «Қазавиақұтқару» тікұшағын басқарған Сергей Пинигин, Замиира Мухамедьярова және Айдар Мамырханов ауа райы жағдайын ескере отырып, рейсті сәтті орындады. Дәрігерлер – Ботагөз Акашева мен Назым Бейсенбаева тікұшақ бортында сәбиге медициналық көмек көрсетумен болды.
Кішкентай пациент облыс орталығындағы мамандандырылған медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді.




