Өскеменде кәсіпорын аумағында орналасқан қойма өртенді, деп хабарлайды F16.kz.
Молдағұлова көшесінде орналасқан қоймада автокөлік дөңгелектері, түрлі құрал-жабдықтар мен арнайы техника болған.
Қойма ішінде жанғыш материалдар көп болғандықтан, өрт сөндірушілердің жұмысы біршама күрделенген көрінеді. Қоймада тұрған екі тракторға зақым келді, адам зардап шеккен жоқ.
Үздіксіз су берілуі үшін өрт сөндірушілер жақын маңдағы өрт гидранттарынан су алып, магистральдық желілер тартты. Қабылданған шаралар мен өрт сөндіру бөлімшелерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде 70 шаршы метрге шарпыған өрт сөндірілді, — деп мәлімдеді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.




