F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО-да тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау күшейтілді

Оразай Жеңісұлы Оразай Жеңісұлы
19.11.2026, 09:07
Жаңалықтар
Фото: ШҚО әкімдігінен

Фото: ШҚО әкімдігінен

Жуықта Зайсан ауданындағы «Шағаноба» археологиялық кешені аумағында болған оқиғадан кейін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен кеңес өтті. Оған құқық қорғау органдарының өкілдері, қала және аудан әкімдері, облыстық басқармалардың басшылары қатысты.

Алдымен Зайсан ауданындағы көне қорғандардың бүлінуі мүмкін деген жағдай қаралды. Аудан әкімінің мәліметінше, 13 қарашада оқиға орнына полиция қызметкерлері барған. Археологиялық кешен аумағында «SRS» ЖШС-не тиесілі техниканы пайдаланып, бұған дейін қазылған шұңқырларды топырақпен көму жұмыстары жүргізілгені анықталды. Оқиға орнындағы азаматтардың кім екені анықталып, тиісті материалдар полицияда тіркелген.

Сол күні тарихи-мәдени мұраны қорғау саласының мамандары, археолог, аудан әкімдігі мен полиция өкілдері аумақты тексерді. Жер қазу жұмыстарының іздері фото және видеоға түсіріліп, тиісті акт жасалған. Алайда қар жамылғысына байланысты қорғандардың қазіргі жай-күйін толық бағалап, келтірілген залалдың көлемін анықтау әзірге мүмкін болмай отыр. Қосымша зерттеу жұмыстары 2027 жылдың көктеміне жоспарланған. Қажет болған жағдайда шұғыл археологиялық-құтқару жұмыстары ұйымдастырылады.

Археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 295-бабы 2-бөлігі 1 және 3-тармақтары негізінде қылмыстық іс қозғалған. Аталған бапта адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы, сондай-ақ арнайы техникалық құралдар мен жер қазу машиналарын пайдаланып, археологиялық жұмыстарды заңсыз жүргізгені үшін жауапкершілік көзделген. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Кеңесте өңірдегі тағы бір маңызды тарихи нысан — Катонқарағай ауданындағы «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының жағдайы мен қауіпсіздік шаралары да талқыланды. Оның аумағында сақ және түркі дәуірлеріне тиесілі 100-ден астам қорған бар. Соның 60-тан астамы археологтардың зерттеуінен өткен. Қорғандар орналасқан аумақтың жалпы көлемі — 174 гектар.

Қазір музей-қорықтың бүкіл аумағы металл қоршаумен қоршалған. Нысанды «DAO-Security» ЖШС күзетеді. Сонымен қатар штатта күн сайын аумақты аралап, тексеретін инспектор бар.

Қауіпсіздікті күшейту мақсатында музей ғимараттары мен аумағына 23 бейнебақылау камерасы орнатылған. Бұдан бөлек, республикалық маңызы бар жол бойы мен Катонқарағай ауданының елді мекендерінде тағы 102 камера жұмыс істейді. Олар аудандық полиция бөлімінің жедел басқару орталығына қосылған. Нысан шекаралық аймақта орналасқандықтан, оның аумағын шекара қызметінің бөлімшелері де бақылауда ұстайды.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қоршаулар мен бейнебақылау камераларының болуы тарихи ескерткіштерді сақтау мәселесіне формалды қарауға негіз болмауы керектігін атап өтті. Мұндай нысандарға тұрақты бақылау орнатып, кез келген заңбұзушылықты дер кезінде анықтап, қауіп-қатерге жедел әрекет ету қажет екенін айтты аймақ басшысы.

Осыған байланысты жауапты органдарға ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, тарихи-мәдени мұра нысандарының жай-күйін бақылауды арттыру және заңсыз археологиялық жұмыстардың алдын алу бойынша қосымша шаралар қабылдау міндеті қойылды.

Тегтер: Topтарихи ескерткіштерШағанобаШығыс Қазақстан
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Байжігіт оркестріне — 25 жыл: ШҚО-да ұлт руханиятын ұлықтаған кеш өтті

Байжігіт оркестріне — 25 жыл: ШҚО-да ұлт руханиятын ұлықтаған кеш өтті

19.11.2026, 10:04
Геология, өнеркәсіп және ТҮКШ салаларына цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр — ШҚО

Геология, өнеркәсіп және ТҮКШ салаларына цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр — ШҚО

19.11.2026, 09:08
Әлеуметтік желі, блогерлер, онлайн-кинотеатрлар және масс-медиа қызметі: жаңа заң жобасы қаралып жатыр

Әлеуметтік желі, блогерлер, онлайн-кинотеатрлар және масс-медиа қызметі: жаңа заң жобасы қаралып жатыр

18.11.2026, 18:01
«Ертең де – НМУ»: Өскемен ауасы одан сайын ластана түседі

«Ертең де – НМУ»: Өскемен ауасы одан сайын ластана түседі

18.11.2026, 17:03

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Байжігіт оркестріне — 25 жыл: ШҚО-да ұлт руханиятын ұлықтаған кеш өтті

19.11.2026, 10:04

Геология, өнеркәсіп және ТҮКШ салаларына цифрлық технологиялар енгізіліп жатыр — ШҚО

19.11.2026, 09:08

ШҚО-да тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау күшейтілді

19.11.2026, 09:07

Әлеуметтік желі, блогерлер, онлайн-кинотеатрлар және масс-медиа қызметі: жаңа заң жобасы қаралып жатыр

18.11.2026, 18:01

«Ертең де – НМУ»: Өскемен ауасы одан сайын ластана түседі

18.11.2026, 17:03

Әдеби талқы: Оқитын ұлт және кітап оқудың жаңа дәуірі

18.11.2026, 16:36

Ауыл әкімінің әкесінің үйіне бюджет есебінен жылу тартылмайтын болды –ШҚО

18.11.2026, 15:40

Дрондар додасы: кім мықты?

18.11.2026, 14:32

Ай сайын бір «ДТП»: Өскемендегі қауіпті қиылыста тағы бір адамды көлік қақты

18.11.2026, 12:40

Қанас-Марқакөл бағыты: трансшекаралық маршрут құру жобасы жүзеге аса ма?

18.11.2026, 10:38

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

imunify-bot-check
No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған