Назарбаев даңғылы мен Виноградов көшесінің қиылысында жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті, деп хабарлайды F16.kz.
«Toyota Land Cruiser» маркалы көліктің жүргізушісі оңға бұрылған кезде жаяу жүргінші қағып кеткен. Жаяу жүргінші жарақат алып, медициналық көмекке жүгінді», — деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Айта кетуміз керек, Назарбаев даңғылы мен Виноградов көшесі тоғысатын тұсты қала тұрғындары ең қауіпті қиылыс деп атап кетті. Дәл осы қиылыста 21 қыркүйекте тағы бір жаяу адамды көлік қаққан. Ал бұған дейін 19 тамызда 16 жастағы велосипед мінген жасөспірім жол оқиғасынан зардап шеккен болатын.




