Облыс орталығында ертең ауа сапасы нашарлайды. Мамандардың айтуынша, бірінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды F16.kz.
«19 қарашада метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі артады деп күтілуде», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Өскеменде бүгін де ауа лас. Қазгидрометтің мәліметі бойынша көміртегі оксиді, күкіртсутек және күкірт диоксиді шекті нормадан асып кеткен. Шағын аудандара орнатылған онлайн-құрылғылар да ауаның ластану деңгейі өте жоғары екенін көрсетіп тұр.




