27-28 қараша күндері облыс орталығында «Туған жер – алтын бесігім» жобасы аясында Ұлан ауданының мәдени күндері өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Шаһар тұрғындары екі күн бойы аудан өнерпаздарының концерті мен қолөнер шеберлерінің көрмесі тамашалап, жергілікті өндірілген өнімдерді сатып ала алады.
27 қараша күні сағат 11.00-де А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапханада “Ұланым — туған жерім, тұғырым” атты білгірлер сайысы өтеді.
Сағат 17.00-де облыстық филармонияда “Ұлан шеберлері” атты қолөнер көрмесі мен ауданда өндірілетін өнімдер көрмесі ұйымдастырылады.
Сағат 18.00-де “Туған жерім — тұғырым” атты ұландық өнерпаздар концерті басталады.
28 қараша күні сағат 8.00-12.00 аралығында Ұлан ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.
Сағат 11.00-де жәрмеңке алаңында арқан тарту, гір көтеру, қол күресі мен басқа да спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылады.
Сағат 9.00-18.00 аралығында №40 орта мектептің спорт залында Ұлан ауданы әкімінің кубогі үшін футзалдан облыстық ашық турнир жоспарланған.
Сағат 12.00-де Maxi mall сауда кешенінде “Бескөл” фольклорлық ансамблінің жеке концерті көрнермен назарына ұсынылады.




