ШҚО-да 19 сәуірден бастап жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, жолдағы тәртіпті арттыруға және жол жүрісі қағидаларын сақтау мәдениетін көтеруге бағытталған «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Акция барысында тәртіп сақшылары жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауды және жолаушылар мен мектеп автобустарының техникалық жай-күйін тексеруге баса назар аударады.
Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, арнайы жадынамалар таратады.
Фото: m.kolesa.kz