F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО делегациясы Қарамайдағы IT-хабтарды аралады

admin_f16 admin_f16
22.04.2025, 14:00
Жаңалықтар

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Қытайдың Қарамай қаласындағы жетекші IT-хабтарды аралады. Бағдарлама аясында Қарамай бұлтты есептеу индустриялық паркі, Huawei және China Mobile сияқты ірі технологиялық орталықтардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды F16.kz.

Аталған орталықтар заманауи цифрлық шешімдерді дамытуда маңызды рөл атқарады. Олар жасанды интеллект технологияларын белсенді түрде енгізіп, ірі компаниялар мен мемлекеттік құрылымдардың тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін деректерді сақтау, қорғау және өңдеудің ең жаңа әдістерін қолданады.

Экскурсия барысында делегация өкілдері IT-хабтардың инфрақұрылымымен және жұмыс істеу жүйесімен жан-жақты танысып, жетекші мамандармен пікір алмасты, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Оларға қолданыстағы технологиялық шешімдер мен енді енгізіліп жатқан болашақ жобалар ұсынылды.

Қарамай технопаркіне барған кезде мен мұндағы технологиялардың даму деңгейі мен ауқымына таңғалдым. Парктің бүкіл инфрақұрылымы стартаптар мен ірі компаниялар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, инновацияны дамытуға бағытталған. Заманауи зертханалар жаңа өнімдер мен идеяларды әзірлеуге мүмкіндік береді. Болашақта бірлесіп жұмыс істейміз деп үміттенемі, – деді Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың Ақпараттық технологиялар саласындағы құзыреттер мен технологиялар трансфері орталығының жетекшісі Руслан Четтыкбаев.

Делегация мүшелері IT-хабтардың ұйымдастыру деңгейі мен техникалық жабдықталуына жоғары баға беріп, ондағы шешімдерді Шығыс Қазақстан өңірлерінде қолдануға қызығушылық танытты. Олардың айтуынша, мұндай тәжірибе цифрлық трансформацияны дамытуға, интеллектуалды жүйелерді енгізуге және түрлі салалардағы тиімділікті арттыруға зор мүмкіндік береді.

IT-паркке, сондай-ақ Huawei мен T-Mobile орталықтарына бару қазіргі технологиялық трендтерді жақсы түсінуге көмектесті. Мұндағы процестердің қалай құрылғанын және қандай шешімдердің нақты жүзеге асырылып жатқанын көру өте қызықты болды. Біз осы тәжірибенің кейбір элементтерін Oskemen Hub жобаларын дамытуда қолдана аламыз деп ойлаймын, – деді Oskemen hub жетекшісі Дидар Мұратұлы.

Осындай халықаралық сапарлар тек білім мен тәжірибе алмасуға емес, сонымен қатар Қазақстан мен Қытай арасындағы IT, инновация салаларындағы серіктестікті нығайтуға, болашақтағы бірлескен жобаларға негіз қалайды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше, 21 сәуірде Қытай Халық Республикасының Шыңжан-Ұйғыр автономиялық ауданы, Қарамай қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының ұйымдастыруымен цифрлық технологиялар саласында білім беру, туризм және IT бойынша кадрларды даярлау мен дамытуға бағытталған халықаралық семинар басталған. Бес күнге жоспарланған шараға Шығыс Қазақстан облысының делегациясы қатысып жатыр.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да шауын-шашын, бұршақ жауады – Қазгидромет

ШҚО-да шауын-шашын, бұршақ жауады – Қазгидромет

25.06.2025, 17:32
Катонқарағайдан халықаралық рейстер ашылуы мүмкін

Катонқарағайдан халықаралық рейстер ашылуы мүмкін

25.06.2025, 16:07
Ақ Берелде жаңа көпір салынады

Ақ Берелде жаңа көпір салынады

25.06.2025, 15:26
Мобильді аударымдар тексеріледі: қыркүйектен бастап жаңа шарттар күшіне енеді

Мобильді аударымдар тексеріледі: қыркүйектен бастап жаңа шарттар күшіне енеді

25.06.2025, 15:00

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да шауын-шашын, бұршақ жауады – Қазгидромет

25.06.2025, 17:32

Катонқарағайдан халықаралық рейстер ашылуы мүмкін

25.06.2025, 16:07

Ақ Берелде жаңа көпір салынады

25.06.2025, 15:26

Мобильді аударымдар тексеріледі: қыркүйектен бастап жаңа шарттар күшіне енеді

25.06.2025, 15:00

«Қазақстан» тауының маңы абаттандырылады

25.06.2025, 14:33

Катонқарағай: Мал ұрлығына байланысты қылмыстық іс қалай жүріп жатыр?

25.06.2025, 14:02

Екі күнінде сегіз мыңға жуық адам тегін заң көмегін алды

25.06.2025, 13:43

Бас прокуратура: қадағалау қызметі мен цифрлық трансформация нәтижелері

25.06.2025, 13:12

Тегін заңгерлік кеңес береді: ШҚО-да «Заң және тәртіп апталығы» басталды

25.06.2025, 12:20

Елімізде алкогольді ішімдік көп ішетін өңірлер белгілі болды

25.06.2025, 12:00

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған