F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Әлеуметтік әмиян»: оқушылардың ыстық асы енді цифрлық бақылауда

admin_f16 admin_f16
23.04.2025, 12:44
Жаңалықтар

Өткен жылдан бастап Қазақстан мектептерінде «Әлеуметтік әмиян» атты жаңа цифрлық жүйе сынақтан өтіп жатыр. Бұл жүйе 5–11 сыныптарда әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына берілетін тегін ыстық тамақтың әділ әрі ашық түрде таратылуын қамтамасыз етеді.

Жаңа жүйенің басты ерекшелігі – ата-аналардан ешқандай қағаз құжат жинаудың қажеті жоқ. Қолдау алу құқығы мемлекеттік деректер базасы арқылы автоматты түрде анықталады.

«Әлеуметтік әмиян» цифрлық шешімі мемлекеттік қолдауды алдын ала өзі анықтап, автоматты түрде көрсетіп қана қоймай, оқушының тиесілі тамақты алғанына нақты көз жеткізуге мүмкіндік береді.

«Әлеуметтік әмиян» жүйесінің жұмыс істеу тәртібі:

«Әлеуметтік әмиян» – мемлекеттік қолдауға құқығы бар отбасылардың балаларына тегін ыстық тамақ беру үдерісін автоматтандыруға және ашық бақылауға арналған цифрлық шешім. Жүйе ата-аналарға ешқандай қағаз құжат өткізбей, баласының тегін тамақтануға құқығы бар екендігі туралы хабарлама жібереді.

Ата-ана келісімін берген жағдайда, отбасыға автоматты түрде цифрлық тамақтану ваучері құрылады. Бұл ваучерді ата-ана eGov mobile қосымшасы арқылы іске қосады. Оқушы мектеп асханасында арнайы сәйкестендіру әдістері – QR-код, карта немесе Face ID арқылы ыстық тамақ алады. Осыдан кейін ата-ананың телефонына баласының мектепте тамақтанғаны жөнінде хабарлама жіберіледі.

Жүйеде кері байланыс функциясы да қарастырылған – ата-ана берілген тағамның сапасына баға бере алады. Ал айдың соңында көрсетілген нақты қызметтер негізінде автоматты түрде орындалған жұмыстар актісі жасалып, жеткізушіге тек нақты қызметтер үшін төлем жүргізіледі.

Қазіргі таңда «Әлеуметтік әмиян» жүйесі пилоттық режимде 20 мектепте сыннан өтуде: оның 10-ы Астана қаласында, қалған 10-ы Қостанай облысында орналасқан. Пилоттық жоба технологияны нақты жағдайда тексеруге, ата-аналар, мұғалімдер мен жеткізушілерден кері байланыс алуға, сондай-ақ болашақта жүйені кең көлемде енгізуге дайындық жүргізуге мүмкіндік береді.

Пилоттық кезеңнің нәтижелеріне қарай, жүйені 1–4 сынып оқушыларына да кезең-кезеңмен енгізу жоспарланып отыр. Бұл шешім білім беру саласындағы барлық жас топтары үшін тамақтану үдерісін бірізді етіп, мемлекеттік қолдаудың ашықтығы мен әділеттілігін күшейтеді.

Күтілетін нәтижелер:

Мемлекеттік көмектің нақты қажет адамдарға жетуі

Қызмет көрсету барысының ашықтығы

Ата-аналар үшін ыңғайлы бақылау мүмкіндігі

Мектеп әкімшілігінің жұмысын жеңілдету

Жеткізушілер үшін әділ төлем кепілдігі

Мемлекеттік қолдауды цифрландыру – бұл жай ғана технология емес. Бұл — әрбір мемлекеттік көмектің өз иесіне дәл әрі әділ түрде жетуін қамтамасыз ететін сенім жүйесін қалыптастыру.

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Катонқарағайдан халықаралық рейстер ашылуы мүмкін

Катонқарағайдан халықаралық рейстер ашылуы мүмкін

25.06.2025, 16:07
Ақ Берелде жаңа көпір салынады

Ақ Берелде жаңа көпір салынады

25.06.2025, 15:26
Мобильді аударымдар тексеріледі: қыркүйектен бастап жаңа шарттар күшіне енеді

Мобильді аударымдар тексеріледі: қыркүйектен бастап жаңа шарттар күшіне енеді

25.06.2025, 15:00
"Қазақстан" тауының маңы абаттандырылады

«Қазақстан» тауының маңы абаттандырылады

25.06.2025, 14:33

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Катонқарағайдан халықаралық рейстер ашылуы мүмкін

25.06.2025, 16:07

Ақ Берелде жаңа көпір салынады

25.06.2025, 15:26

Мобильді аударымдар тексеріледі: қыркүйектен бастап жаңа шарттар күшіне енеді

25.06.2025, 15:00

«Қазақстан» тауының маңы абаттандырылады

25.06.2025, 14:33

Катонқарағай: Мал ұрлығына байланысты қылмыстық іс қалай жүріп жатыр?

25.06.2025, 14:02

Екі күнінде сегіз мыңға жуық адам тегін заң көмегін алды

25.06.2025, 13:43

Бас прокуратура: қадағалау қызметі мен цифрлық трансформация нәтижелері

25.06.2025, 13:12

Тегін заңгерлік кеңес береді: ШҚО-да «Заң және тәртіп апталығы» басталды

25.06.2025, 12:20

Елімізде алкогольді ішімдік көп ішетін өңірлер белгілі болды

25.06.2025, 12:00

Спортшы министрлік төлемей қойған ақшаны сот арқылы өндіріп алды – ШҚО

25.06.2025, 11:12

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған