F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚУ мен МАГАТЭ: ядролық білім саласындағы халықаралық әріптестік

admin_f16 admin_f16
24.04.2025, 17:04
Жаңалықтар

Amanzholov University-де Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) өкілдерімен ресми кездесу өтті, деп хабарлайды F16.kz.

МАГАТЭ-нің Ядролық энергетика департаментінің Ядролық білімді басқару бөлімінің маманы Елена Живицкая, STAR-NET қауымдастығының вице-президенті, МАГАТЭ Халықаралық орталығының маманы Андрей Тимошенко және Ресейдегі Ұлттық ядролық зерттеу университеті МИФИ-дің «Ядролық реакторлардың теориялық және эксперименттік физикасы» кафедрасының орынбасары Юрий Волков аймақтың ірі жоғары оқу орнына келіп, Amanzholov University-дің ғылыми-зерттеу қызметімен және атом саласы үшін мамандар даярлау жүйесімен танысты. Бұл жүйе аталған университетте 15 жылға жуық уақыттан бері табысты жүзеге асырылып келеді.

Қазақстан жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Бұл жолда атом энергетикасы үшін білікті кадрлар даярлау шешуші рөл атқарады. 2011 жылдан бастап С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да «Ядролық физика және атом энергетикасы» білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып келеді. Бағдарлама жаңа буын мамандарын даярлауға бағытталған. Біздің студенттер ядролық реакторларда, ЯМР-спектрометрде, рентген құрылғыларында жұмыс істеуге, халықаралық тағылымдамаларға, стартап-жобаларға қатысуға, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында Литва, Польша, Түркия, Ресей, Франция елдерінде оқуға мүмкіндік алады. Ядролық саладағы заманауи инженерлік және ғылыми білім беру кең халықаралық ынтымақтастықсыз және жаһандық білім беру экожүйесіне кіріктірмей мүмкін емес деп санаймыз, – деді университет ректоры Мұхтар Төлеген.

МАГАТЭ сарапшысы Елена Живицкая халықаралық агенттік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастыққа ашық және мұндай бастамаларды үлкен ықыласпен қолдайтынын атап өтті.

Қазақстанда АЭС салу туралы жуырдағы шешім елдің тұрақты дамуына серпін беретіні сөзсіз. Бұл бағыттағы Қазақстанның күш-жігерін МАГАТЭ қолдайды. Білім беру және кадр даярлау мәселесіне келсек, біздің ұйым Ядролық білім беру бойынша кешенді консультациялық қызметтер – Integrated Nuclear Education Advisory Services ұсынады. Бұл қызметтер ұлттық және университеттік бағдарламаларды қамтиды. Осылайша біз Қазақстанның жоғары оқу орындарына ядролық білім беру жүйесін оңтайландыру және жетілдіру арқылы оның тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесеміз, – деді Елена Живицкая.

Оның айтуынша, Қазақстанда алғашқы АЭС іске қосылған кезде кем дегенде 2000 дипломы бар маман қажет болады. 

Бұл Amanzholov University түлектері үшін үлкен мүмкіндік. Кездесу барысында қонақтарға С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың ғылыми-зерттеу зертханалары мен орталықтары таныстырылып, ондағы инновациялық авторлық жобалар көрсетілді.

Кездесу соңында МАГАТЭ өкілдері «Ядролық физика және атом энергетикасы саласындағы білім беру бағдарламаларын дамытудың заманауи сын-тегеуріндері мен келешегі: халықаралық тәжірибе және жергілікті іске асыру» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Шараға сондай-ақ ҚР ҰЯО бас ғылыми қызметкері, С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың физика және технология кафедрасының профессоры Мәжін Сқақов, ҚР ЭМ Ядролық физика институтының ионды-плазмалық технологиялар зертханасының меңгерушісі Елдар Жақанбаев, ҚР Ұлттық ядролық орталығының «Атом энергиясы институты» филиалының ғылыми хатшысы Людмила Ерыгина және басқа да мамандар қатысты. Университет профессорлары «Ядролық физика және атом энергетикасы» білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын жетілдіру, қос дипломды білім беру және STAR-NET желісі аясындағы халықаралық әріптестік туралы баяндады.

Айта кетейік, МАГАТЭ – БҰҰ шешімімен 1957 жылы құрылған халықаралық атом энергиясы агенттігі. Штаб-пәтері Австрияның Вена қаласында орналасқан. Агенттіктің негізгі қызметі – атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерді ынталандыру, сондай-ақ денсаулық пен қауіпсіздік саласындағы нормаларды әзірлеу және бейімдеу.

Фото: ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметі

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскемендік тұрғындар полицияның қызметімен жақын танысты

Өскемендік тұрғындар полицияның қызметімен жақын танысты

24.06.2025, 19:31
ШҚО-да қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан полицейлер рухына тағзым етті

ШҚО-да қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан полицейлер рухына тағзым етті

24.06.2025, 19:14
Екі жылда Тарбағатайда жарық тартылмаған ауыл көшесі қалмайды

Екі жылда Тарбағатайда жарық тартылмаған ауыл көшесі қалмайды

24.06.2025, 17:44
ҚМДБ мұсылмандарға Counter-Strike 2, GTA, Minecraft ойынауға тыйым салды

ҚМДБ мұсылмандарға Counter-Strike 2, GTA, Minecraft ойынауға тыйым салды

24.06.2025, 17:27

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскемендік тұрғындар полицияның қызметімен жақын танысты

24.06.2025, 19:31

ШҚО-да қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан полицейлер рухына тағзым етті

24.06.2025, 19:14

Екі жылда Тарбағатайда жарық тартылмаған ауыл көшесі қалмайды

24.06.2025, 17:44

ҚМДБ мұсылмандарға Counter-Strike 2, GTA, Minecraft ойынауға тыйым салды

24.06.2025, 17:27

Қызылқайыңдағы барлау жұмыстары қашан аяқталады? – Тарбағатай

24.06.2025, 16:11

Шілдеде қазақстандықтар қалай демалады?

24.06.2025, 16:05

Шомылу маусымы басталғалы бірнеше адам суға кетті — ШҚО

24.06.2025, 15:43

30 млн теңге алған: ШҚО-да бұрынғы көлік прокуроры сотталды

24.06.2025, 15:23

Катонқарағайда әйнекті модульдік үйлер ашылды

24.06.2025, 14:46

Опера әншісі Әйгерім Алтынбек «Ла Скала» театры академиясында тағылымдамадан өтеді

24.06.2025, 13:36

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған