Алаяқтар халықты алдаутың тағы бір тың тәсілін пайдалануға көшті. Олар енді ресми ұйымдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың атынан қоңырау шалып, адамдардың жеке деректеріне қол жеткізе бастаған, деп хабарлайды F16.kz.
“ЖАЛҒАН ДӘРІГЕР”
«Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ мәліметінше, қылмыскерлер ресми ұйымдардың атын жамылып әрекет еткен. Мәселен, алаяқтар өзін емхана қызметкерлері ретінде таныстырады (нақты мекен жайы мен аты-жөнін айта алады). Бұдан кейін олар «алдағы уақытта дәрігерлердің қабылдауы мен жедел жәрдем шақырулары ЖСН бойынша емес, медициналық декларация нөмірі арқылы жүргізіледі дейді. Ары қарай «декларация нөмірін» жазуды сұрайды. Бұл –DamuMed немесе eGov сияқты мемлекеттік өтінімдерді енгізуге арналған бір реттік код. СМС-хабарлама алғаннан кейін олар алты таңбалы кодты жазуды сұрайды, сол арқылы азаматтың жеке кабинетіне кіреді.
КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТ
Алаяқтар өзін «Астана энергосбыт», «Алматы су» немесе басқа коммуналдық кәсіпорындардың қызметкері ретінде таныстырады.
«Есептегіштерді ауыстырудың мемлекеттік бағдарламасына» қатысамыз деген желеумен құрылғының соңғы рет қашан ауыстырылғанын сұрап, өтініш ашады-мыс. Содан кейін жәбірленушінің телефонына код жолдап, оны жазуды сұрайды, яғни қайтадан цифрлық қызметтерге қол жеткізуге тырысады.
ДЕРЕКТЕРДІ ҚАЛАЙ ҰРЛАЙДЫ?
«Қазпошта» немесе курьерлік қызмет өкілдерінің атын жамылып, Мемлекеттік кірістер комитетінен, Халыққа қызмет көрсету орталығынан немесе басқа да мекемелерден тапсырыс хат береді. Мекен жайды нақтылайды, 1414 немесе 1412 нөмірлерінен SMS жібереді және кодты жазуды, сілтеме бойынша өтуді сұрайды. Бұл деректерді ұрлау немесе зиянды бағдарламаны орнату әрекеті.
Мамандардың айтуынша, алаяқтар сенімге ие болу үшін жеке деректерді (аты-жөні, мекен жайы) пайдаланады деп хабарлайды. Дегенмен, бірде-бір мемлекеттік немесе муниципалды ұйым телефон арқылы SMS немесе мессенджерлер сілтемелерінен кодтарды сұрамайды.
НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
· СМС-пен келетін растау кодын ешкімге бермеу керек, тіпті қоңырау шалушы өзін мемлекеттік органның қызметкерімін деп таныстырса да;
· телефон арқылы ЖСН және басқа да жеке деректерді бермеген дұрыс;
· SMS-тегі сілтемелерді баспау керек, әсіресе белгісіз адамдармен сөйлескенде;
· Ұйымға ресми нөмір арқылы хабарласып, мән-жайды анықтау керек;
· Жағдайды құқық қорғау органдарына хабарлап, айту керек.
Фото: F16.kz/жасанды интеллект



