Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Бас прокурордың «80 жылдыққа – 80 ағаш» атты экологиялық акциясын жалғастырды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
28 сәуір күні Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының аумағында облыстық және қалалық прокуратура қызметкерлері 80 көшет отырғызды.
«Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған акция Шығыс Қазақстан облысының прокуроры Алмат Байшолақовтың басшылығымен өткен.
Сондай-ақ ол өз сөзінде мұндай акциялар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, патриоттық тәрбие беруге және қоғамдық жауапкершілікті нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.