F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бір шаңырақ астында: ШҚО-да этносаралық татулықтың жаңа белестері белгіленді

admin_f16 admin_f16
01.05.2025, 15:30
Жаңалықтар

Бүгін Өскеменнің орталық алаңында тігілген киіз үйде, бір шаңырақ астында ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясы өтті. Салтанатты жиынға қатысушылар 30 жылдағы жетістіктерді саралап, алда тұрған мақсат-міндеттерге  тоқталды, болашақ даму жоспарларын белгіледі, деп хабарлайды F16.kz.

— Елімізде алғашқылардың бірі болып Шығыс Қазақстан облысында этномәдени бірлестіктер құрылып, тұңғыш Достық үйі Өскеменде ашылды. Осы уақыт аралығында Ассамблея мүшелері қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосып келеді. Олар іс жүзінде мемлекет, азаматтық қоғам және этномәдени бірлестіктердің белсенді қатысуы арқылы этносаралық бірліктің мүмкін әрі тиімді екенін дәлелдеді.  Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бұл еліміз үшін, Шығыс Қазақстан облысы үшін аса маңызды оқиға. Себебі, Ассамблея құрылымының негізіне айналған механизмдер ең алдымен біздің өңірде қалыптаса бастады, — деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Аймақ басшысы еліміздегі Достық үйлері кейінгі жылдары этномәдени бірлестіктер бас қосатын орын ғана емес, азаматтардың дамуына жол ашып, тірек болатын, бірлік, жасампаздық, өрлеу сияқты құндылықтарды дәріптейтін орталыққа айналғанын атап өтті. Олардың алаңдарында қоғамдық пікірталастар өткізіліп, идеялар қалыптасып, ауқымды әлеуметтік жобалар жүзеге асырылады.

— Мемлекет басшысы Сессия отырысында, «Ассамблея мемлекеттің этносаралық саладағы барлық жұмысына бағыт беретін стратегиялық штабқа айналуы керек. Аталған нақты міндеттерді жүзеге асыру ұлтаралық қарым-қатынас сияқты маңызды әрі нәзік салада, жалпы идеология бағытында атқарылып жатқан ауқымды істерді жаңа мазмұнмен толықтырады» деп атап өтті. Осы орайда этносаясат саласында мемлекеттік қызметшілерді даярлау және олардың біліктілігін арттыруға Қазақстан халқы Ассамблея мүшелері мен ғылыми-сараптамалық қауымдастықты тарту маңызды, — деп қосты Сақтағанов.

Ассамблея отырысында Президент жүктеген міндеттің бірі — ақпараттық кеңістікте бірлік мен келісім идеяларын кеңінен дәріптеу мәселесі тілге тиек болды. Цифрландыру дәуірінде ақпараттық алаң қарым-қатынас құралы ғана емес, қоғамдық сананы қалыптастырудың маңызды тетігіне айналғаны сөзсіз. Сондықтан медиа салада бейбітшілік, келісім, төзімділік және бірлік туралы ұғымдардың кеңінен насихатталуы маңызды. Этносаралық қатынастар мен ұлттық бірліктің бүкіл құрылымы «Біз — әртүрліміз, бірақ бәріміз теңбіз» деген мызғымас қағидаға негізделген. Қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін біз радикалды идеологияны таратуға, ұлтаралық, діни немесе тілдік алауыздық туғызғысы келетін, ел ішіндегі жағдайды шиеленістіруге ұмтылатын әрбір әрекетке қатаң түрде қарсы тұру қажет деді сессияға қатысушылар.

Еліміздегі түрлі дін өкілдерінің өзара сыйластықта өмір сүріп жатқанына баса назар аударған республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Берік Кәдірұлы Наурыз, Ораза айт, Құрбан айт, Пасха, Сабантой сияқты ортақ мерекелер бүгінде барша халықты біріктіретін құндылыққа айналғанын атап өтті.

— Қазақстандағы этностардың дәстүрі, тілі мен әдет-ғұрпы осындай мерекелер арқылы тоғысады. Азаматтардың бір-бірін «Пасха құтты болсын!» деп қазақша құттықтауы  қалыпты жағдайға айналды. Қазақ тіліне деген қызығушылық артып келеді. Көптеген этнос өкілдерінің мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі бүгінде таңғаларлық жағдай емес, — деді Берік Кәдірұлы.

Сессия барысында ҚХА-ның 30 жылдық мерейтойына орай Президент Жарлығымен халықтар арасындағы бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген еңбегi үшiн белгілі жазушы, Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері Геннадий Пуссеп \»ПАРАСАТ\» орденімен марапатталды.

— Басында қиын болғаны есімде. Тәжірибе жетіспеді, дауласып қалатынбыз, кейде тіпті келіспеушіліктер болды. Бірақ ең бастысы — бір-бірін тыңдауға деген ниет болды. Біздің бүгінгі жетістігіміздің негізі осында жатыр. Қазір Ассамблея қанатын кеңге жайды. Ол күшейді. Елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласып, қоғамның дамуына ықпал етіп келеді. Бүгінгі жас ұрпақ болашақта біздің жолды жалғап, еліміздің өсіп-өркендеуі үшін аса маңызды миссияны жалғастырады деп сенемін. Ассамблея — біздің ортақ үйіміз. Оның дамуына қаншалықты инвестиция салынғанын ұмытпайық, — деді Геннадий Пуссеп.

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауылдарға жылжымалы медициналық кешендер шығады

Ауылдарға жылжымалы медициналық кешендер барады

23.06.2025, 16:56
Қара Ертісте суға кеткен 2 адамның денесі табылды

Қара Ертіске батып кеткен екі адамның денесі табылды

23.06.2025, 16:40
Бір күні басып қала ма деп қорқамыз – Тарбағатайда мүгедектігі бар азамат апатты үйде тұрып жатыр

Бір күні басып қала ма деп қорқамыз – Тарбағатайда мүгедектігі бар азамат апатты үйде тұрып жатыр

23.06.2025, 15:58
Шекара түбіндегі Ақаралға ұялы байланыс пен интернет тартылды

Шекара түбіндегі Ақаралға ұялы байланыс пен интернет тартылды

23.06.2025, 15:28

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Ауылдарға жылжымалы медициналық кешендер барады

23.06.2025, 16:56

Қара Ертіске батып кеткен екі адамның денесі табылды

23.06.2025, 16:40

«Мұндай жарыс кімге керек?» – Өскемен тұрғындары наразы

23.06.2025, 16:19

Бір күні басып қала ма деп қорқамыз – Тарбағатайда мүгедектігі бар азамат апатты үйде тұрып жатыр

23.06.2025, 15:58

Шекара түбіндегі Ақаралға ұялы байланыс пен интернет тартылды

23.06.2025, 15:28

Қытайдан Қазақстанға келушілер қатары арта түсті

23.06.2025, 14:44

Әкесі мен ұлы Ертіске батып кете жаздады – Өскемен

23.06.2025, 14:25

Аптап ыстықтың беті қайтады: ШҚО-да күн жаңбырлы болады

23.06.2025, 12:01

Сабантой мерекесі дүркіреп өтті – Өскемен

23.06.2025, 11:59

«Алтын ажалдың» тұсауы кесілді — ШҚО

23.06.2025, 11:01

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған