F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Креативті индустрия: Қазақстанда экономиканың стратегиялық маңызды секторы қалай дамып жатыр?

admin_f16 admin_f16
12.05.2025, 13:00
Жаңалықтар

Креативті индустрияларды дамыту – мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі, бұл сала Президенттің тікелей бақылауында, деп хабарлайды F16.kzМәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

«Креативті индустрия экономикамызды өркендетуге тың серпін беретініне сенемін», – деп атап өткен болатын Қасым-Жомарт Тоқаев. 2021 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында бұл секторды ірілендіріп, экономиканың толыққанды бөлігіне айналдырудың маңыздылығына бірнеше мәрте тоқталған.

КӨШ БАСЫНДА – ХАЛЫҚТЫҚ ҚОЛӨНЕР

Қазір Қазақстандағы креативті индустрия 12 бағыт пен 43 ЭҚЖЖ-ны (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішін) қамтиды. Креативті индустрия саласында тіркелген субъектілердің жалпы саны – 45 597. Олардың басым бөлігі Алматы мен Астанада шоғырланған. Бағыттар бойынша алғанда, ең көп тіркелген шағын және орта бизнес субъектілері – «халықтық қолөнер» саласында (12 660). Қолөнершілер саны жағынан Алматы (1 976), Астана (1 349), Шымкент (1 254) және Түркістан облысы (969) көш бастап тұр.

Бүгінде Қазақстандағы креативті секторларда 143 600 адам жұмыс істейді. Ең көп еңбек ресурсын қажет ететін бағыттар – IT, сәулет өнері мен сән индустриясы, мәдени-демалыс мекемелері, кітапханалар мен музейлер, халықтық қолөнер.

Бұл стратегиялық маңызды сала 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына енгізілген. Саланы дамытуға бағытталған заңнамалық және институционалдық қолдау шаралары, инфрақұрылымды жетілдіру, сондай-ақ отандық креативті өнімдердің экспортын ұлғайту негізгі басымдықтардың қатарында.

2024 жыл Қазақстанның креативті индустриялар саласы үшін жаһандық серпіліспен ерекшеленді. Еліміз Global Innovation Index-2024 рейтингінде креативті тауарлар мен қызметтер көрсеткіші бойынша 93-орыннан 65-орынға көтерілді. Мұндай оң динамика – жүйелі жұмыстың және мемлекеттік қолдаудың нақты нәтижесі.

САЛЫҚТЫҚ ЖЕҢІЛДІКТЕР ҚАРАСТЫРЫЛҒАН

Креативті экономиканы дамыту мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі арнайы қолдау шаралары пакетін әзірледі. Министрлік алдына қойған алғашқы міндеттердің бірі — креаторларды көлеңкелі экономиканың аясынан шығару болды. Осы мақсатта креативті қызметтің 40 түрі ресми түрде реестрге енгізіліп, арнайы салық режимі белгіленді. Енді бұл саладағы бизнес субъектілері корпоративтік табыс салығынан, жеке табыс салығынан және қосылған құн салығынан толық босатылып, орнына жеңілдетілген біртұтас салық төлейді: жеке кәсіпкерлер үшін– 2-4%, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін – 8%. Нәтижесінде салықтық жеңілдіктердің арқасында креативті индустриялардағы жұмыспен қамтылғандар саны мен тіркелген субъектілер саны 15%-ға, яғни 6 мыңға артты. Бүгінде бұл салада 135 мың адам еңбек етіп, 45 597 бизнес субъектісі жұмыс істейді.

АРНАЙЫ ЗАҢ ҚАБЫЛДАНДЫ

Креаторларға арналған инфрақұрылым құру — мемлекеттік саясаттағы маңызды бағыттың бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің барлық ірі қалаларында креативті хабтар кезең-кезеңімен ашылып жатыр. Қазір Астана, Алматы, Түркістан, Шымкент, Атырау, Қызылорда, Петропавл, Ақтөбе, Семей, Өскемен, Ақтау және Жезқазған қалаларында 12 хаб жұмыс істеп тұр. Биыл тағы 8 орталықты іске қосу жоспарланған.

Сонымен қатар былтыр Алматы облысында Energo University негізінде Қазақстандағы алғашқы Креативті индустриялар паркі ашылды. Ал Астана қаласында белгілі опера әншісі Бибігүл Төлегенованың есімімен аталатын алғашқы Креативті мектеп өз жұмысын бастады.

Былтырғы 10 қаңтарда Мемлекет басшысы креативті индустрияны дамытуға бағытталған заңға қол қойды. Бұл заң креативті саланың әлеуетін арттыруға бағытталған бірқатар норманы, соның ішінде уәкілетті мемлекеттік орган мен жергілікті атқарушы органдардың дарынды тұлғаларға жағдай жасау және өзін-өзі дамытуына мүмкіндік беру бағытындағы өкілеттіктерін кеңейтуді қарастырады.

ЖОБАЛАРДЫ ДАМЫТУ ҚОРЫ ҚҰРЫЛАДЫ

Биыл Үкімет креативті индустрияны дамыту қорын құрады. Аталған қордың негізгі міндеттері — таланттарды анықтау, жобалар мен инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ қазақстандық креативті өнімдер мен қызметтерді экспорттауға қолдау көрсету. Қор халықаралық нарыққа бағытталған креативті жобаларды дамыту үшін түрлі қаржылық және қаржылық емес қолдау тетіктерін әзірлеп, байқау негізінде жүзеге асырады.

Сонымен қатар Бюджет кодексіне және соған ілеспе заңнамаларға өзгерістер енгізіліп, креативті индустрияны қаржыландыру көздері бекітілді. Енді бұл салаға ұлттық лотерея операторы сатқан билеттердің 3%-ы көлемінде арнайы аударым қарастырылған.

Зияткерлік және шығармашылық әлеуетті қолдау мен оны тиімді монетизациялау – ұлттық стратегияның ажырамас бөлігіне айналды. Алдағы уақытта креативті индустрия ел экономикасының жаңа серпін беретін маңызды қозғаушы күші болмақ.

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өнер мен сезім тоғысқан: Өскеменде Ольга Плотникованың жеке көрмесі ашылды

Өнер мен сезім тоғысқан: Өскеменде Ольга Плотникованың жеке көрмесі ашылды

20.06.2025, 18:05
Жазғы туризм мен қауіпсіздік: ШҚО-да вице-премьер кеңейтілген кеңес өткізді

Жазғы туризм мен қауіпсіздік: ШҚО-да вице-премьер кеңейтілген кеңес өткізді

20.06.2025, 17:32
Жол бойында интернет тарататын құрылғылар орнатылады – Зайсан

Жол бойында интернет тарататын құрылғылар орнатылады – Зайсан

20.06.2025, 17:18
Үлкен Нарыннан бір жылда 56 адам көшіп кетті – аудан әкімі

Үлкен Нарыннан бір жылда 56 адам көшіп кетті – аудан әкімі

20.06.2025, 16:44

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Өнер мен сезім тоғысқан: Өскеменде Ольга Плотникованың жеке көрмесі ашылды

20.06.2025, 18:05

Жазғы туризм мен қауіпсіздік: ШҚО-да вице-премьер кеңейтілген кеңес өткізді

20.06.2025, 17:32

Жол бойында интернет тарататын құрылғылар орнатылады – Зайсан

20.06.2025, 17:18

Үлкен Нарыннан бір жылда 56 адам көшіп кетті – аудан әкімі

20.06.2025, 16:44

Қазақстанда тағы бір демалыс күні пайда болуы мүмкін

20.06.2025, 16:18

ШҚО-да 380 мың тонна прекурсор тәркіленді

20.06.2025, 15:43

Қазақстана жүкті әйелдерге арналған көмек жетілдіріледі

20.06.2025, 15:00

Нұрымбет Сақтағанов: инвестиция – әкімдер жұмысының негізгі өлшемі

20.06.2025, 14:34

Ертіске сібір бекіресінің шабақтары жіберілді

20.06.2025, 14:07

ШҚО қорғанысы жаңаша бағыт алады

20.06.2025, 12:01

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған