Халықаралық іздеуде жүрген «Астана LRT» ЖШС-ның бұрынғы басшысы Талғат Ардан ұсталды, деп хабарлайды F16.kz ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, құқық қорғау органдары оны Түркияның Анталья қаласында тұтқындаған.
Қазір Қазақстанның құқық қорғау органдары аталған тұлғаны елге қайтару бойынша құқықтық рәсімдерді жүргізіп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Астана сотының шешімімен Т.Ардан Қылмыстық кодекстің 189-бабы, 4-бөлігі және 361-бөлігі, 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 9 жылға сырттай сотталған.
Фото: F16.kz/коллаж