F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ТМК-ның хлорлау қондырығысы құлап, түтін құбыры бітелген

admin_f16 admin_f16
20.05.2025, 09:31
Жаңалықтар

Кеше әлеуметтік желіде Согра кентін түтін басқан бейнежазба тараған. Бүгін таңертең мамандар оқиға орнына барып, қажетті тексеру жүргізді. Жоспарлы жұмыстар атқарылып жатыр. Соградағы мектеп оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды.

\»Казгидромет\» РМК қалада II дәрежелі қолайсыз метеожағдай тіркелгенін хабарлады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 19 мамыр күні шамамен сағат 16.00-де «Өскемен титан-магний комбинаты» аумағында белгісіз түтіннің ауаға тарағаны байқалды. Оқиға орнына бірден жергілікті билік, төтенше жағдайлар департаменті, экология және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мамандары барып, тексеру жүргізді.

Комбинат берген мәліметке сүйенсек, сол күні №3 хлорлау қондырғысында жүргізілген техникалық қызмет көрсету жұмыстары кезінде бір қондырғы құлап, түтін құбыры бітеліп қалған.

Кәсіпорын зертханасы санитарлық-қорғау аймағы шегіндегі ауаны тексеріп, ауа құрамындағы хлор шекті деңгейден аспағанын мәлімдеді.

Сағат 17.00 шамасында әлеуметтік желілер мен жергілікті БАҚ-та көзге көрінетін қою түтіннің видеолары тарай бастаған соң облыстық экология департаментінің мамандары барып, кешкі сағат 23.00-ге дейін тексеру жүргізді. Нәтижесінде ауа құрамында нормадан асатын зиянды заттар анықталған жоқ. Барлық тексерулер заңнамаға сай жүргізілген.

Сол күні сағат 18.21-де төтенше жағдайлар департаментіне кентті сұрғылт түсті түтін басқаны туралы хабарлама келіп түскен. Соған байланысты оқиға орнына санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы мен Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалының мамандары жіберілді. Сарапшылар барлығы сегіз жерден 144 ауа үлгісін алды. Олар:

Жаңа Согра аумағы, Бобровка ауылына бұрылыс;

2-ші көтергіш;

АЗС-тен кейінгі бұрылыс (Үлбі бағытына);

Тарханка мен Егоров көшесі арасындағы жол;

Охотская көшесі, 126 (санитарлық-қорғау аймағы);

Озотская көшесі, 94а (санитарлық-қорғау аймағы);

Коршунов станциясы;

Согра ЖЭО күл үйіндісі.

Аталған үлгілерге 18 түрлі зат бойынша сараптама жасалды. Олардың ішінде хлор, тұз қышқылы, күкірт диоксиді, формальдегид, аммиак, қорғасын секілді зиянды элементтер болды. Сағат 21.44-ке дейін жүргізілген зерттеу нәтижесінде, бірде-бір зат шекті мөлшерден аспаған. Бұл мәліметтер облыстық экология департаментіне жолданды.

Комбинат бұл жағдай бойынша ресми түрде төтенше жағдай тіркелмегенін айтты. Тұрғындар арасында да денсаулығына шағымданып, дәрігерге жүгінгендер болған жоқ.

Айта кетейік, дәл сол күні өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы зауытта жоспарлы тексеру жүргізіп жатқан. Инспекторлар сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін зауыт аумағында болды. Сол уақыт аралығында ешқандай күдікті белгі байқалмаған. Қазіргі жағдай да осы тексеріс аясында қаралады.

20 мамырда Ұлттық сараптама орталығы комбинатқа жақын елді мекендерде қосымша зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр. Оның нәтижесі кейінірек жария етіледі.

Оқиғаға байланысты облыс әкімдігінде шұғыл штаб отырысы өтті. Онда өңір басшылығы, құқық қорғау органдары, бақылаушы және басқа да жауапты мекемелердің өкілдері қатысып, мониторингті күшейту туралы тапсырмалар берілді.

Тұрғындарға жалған ақпаратқа сенбей, тек ресми дереккөздерге жүгінуді сұралады.

Фото: видеодан алынған кадр

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Марқакөл мен Зайсанда салынатын казинолар қалай жұмыс істейді?

Марқакөл мен Зайсанда салынатын казинолар қалай жұмыс істейді?

27.04.2026, 14:00
Арбатта тұрғындарға тегін құқықтық және қаржылық кеңес береді

Арбатта тұрғындарға тегін құқықтық және қаржылық кеңес береді

27.04.2026, 12:41
Үлкен Нарында 4 мыңнан астам тұрғын сенбілікке қатысты

Үлкен Нарында 4 мыңнан астам тұрғын сенбілікке қатысты

27.04.2026, 12:23
Өскемендегі екі деңгейлі эстакада құрылысы 25 қазанда аяқталады

Өскемендегі екі деңгейлі эстакада құрылысы 25 қазанда аяқталады

27.04.2026, 11:53

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Марқакөл мен Зайсанда салынатын казинолар қалай жұмыс істейді?

27.04.2026, 14:00

Арбатта тұрғындарға тегін құқықтық және қаржылық кеңес береді

27.04.2026, 12:41

Үлкен Нарында 4 мыңнан астам тұрғын сенбілікке қатысты

27.04.2026, 12:23

Өскемендегі екі деңгейлі эстакада құрылысы 25 қазанда аяқталады

27.04.2026, 11:53

Ахмерде биыл алты көше жөнделеді

27.04.2026, 11:29

Бас прокурор Қазақстандағы Америка сауда палатасы өкілдерімен және ірі инвесторлармен кездесті

27.04.2026, 10:55

ШҚО-да тағы күн суытады

27.04.2026, 10:19

ШҚО-да ірі есірткі зертханасы жойылды: 70 келі «Альфа-PVP» тәркіленді

27.04.2026, 09:00

Аида Балаева: Креативті индустрия Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының маңызды бағытына айналып келеді

26.04.2026, 11:30

ШҚО-да экологиялық серпіліс: «Таза Қазақстан» акциясы жаңа деңгейге көтерілді

25.04.2026, 16:43

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған