F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өлім-жітім көбейді, науқастар дәлізде жатыр: Өскемендегі аурухананың жағдайы

admin_f16 admin_f16
22.05.2025, 14:00
Жаңалықтар

Ел ішінде «бірінші қалалық аурухана» аталған Өскемендегі Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығында науқастар дәлізде жатыр. Қолқаны қапқан күлімсі иіс бүкіл аурухананы алып кеткен. Сасық иіс төбедегі жылдар бойы жиналған құстардың саңғырығынан келіп тұр. Былтырдан бері жөндеу жүргізіліп жатқан денсаулық сақтау мекемесінде F16.kz тілшісі болып қайтты.

ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ

Өңірдегі іргелі аурухананың бірінен саналатын медицина орталығына кеше Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар жоспардан тыс барды. Ондағы негізгі себеп – кейінгі кезде тұрғындар тарапынан арыз—шағымның тым көбейіп кетуі. Әсіресе, дәрігерлердің дөрекі іс—әрекеті мен салғырттығына шағымданған жұрт әлеуметтік желілерде бәрін ашық жазып жатыр. Ресми ақпаратқа сенсек, кейінгі екі—үш жылда өлім—жітім де көбейген.

Адам өліміне әкелген жағдайлар жылдан-жылға көбейіп барады. Мәселен, 2023 жылы ол 3,9 пайыз болса, 2024 жылы 4 пайызға жетті. Ал биылғы алғашқы тоқсанда өлім—жітім деңгейі 4,5 пайыз болды. Бұл – жағымсыз үрдіс. Мұнымен күресу керек, – деді Жақсылық Омар.

ДӨРЕКІ ДӘРІГЕР, ЕСІНЕН ТАНҒАН НАУҚАС

Қоғамның наразылығын туғызған тағы бір жәйт – дәрігерлердің қарым—қатынасы.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг нәтижесін және тұрғындар жазған арыз—шағымдарды зерделей келе біз бұл мекемеде мәселе көп екенін байқаймыз. Тұрғындар медицина қызметкерлерінің дөрекі әрекетіне, сондай—ақ диагностика (ауруды анықтау – ред.) кезіндегі қателіктерге жиі шағым айтады. Тіпті жедел жәрдеммен жеткізілген адамды қабылдамай сағаттап күттіріп қойған, ол аздай науқастың қасындағы жақындарына дәрігерлерге көмектесіп жіберуді өтінген жағдайлар болған екен. Тағы бір жағдайда науқас есінен танып қалғаннан кейін барып көрсетіліпті. Бұл не сұмдық?! – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСЫ ДҰРЫС ЖОСПАРЛАНБАҒАН 

Былтыр облыстық мамандандырылған медициналық орталықта жөндеу жұмыстары басталған. Содан бері маза жоқ. Кейбір науқастар орын таппай қаз-қатар тізіліп дәлізде жатыр. Гүрсілдеген, тарсылдаған дыбыстар, шаң-тозаң төсек тартқан емделушіні қойып сау адамның жүйкесін жұқартады. Жұрттың ашуын туғызған да осы жағдай.

Бюджеттен ақша бөлінгенін, ғимаратта жөндеу жүргізілетінін білдіңіздер. Демек жұмысты алдын ала жоспарлау керек болған. Қай блок, қай бөлме, қашан жөнделетінін ескеріп, соған қарай науқастарды жатқызатын орынды ыңғайласаңыздар мынандай жүйесіздік болмас еді. Сіздердің қазіргі іс—әрекетке қарап науқастарды емдеуге емес, жөндеуге бөлінген қаражатты игеруге тырысып жатқандай көрінеді, – деп түйді Жақсылық Омар.

Сондай-ақ облыс әкімінің бірінші орынбасары 23 мамырда өтетін медицина алқасында осы “бірінші қалалық аурухананың” мәселесін талқылауды ұсынды.  

ҚОЛҚАНЫ ҚАПҚАН ЖАҒЫМСЫЗ ИІС

Жөндеу жүргізіліп жатқан аурухананың төбесінде жылдар бойы кептердің саңғырығы жиналған және оны бұған дейін ешкім тазаламаған. Құс саңғырығының қолқаны қапқан жағымсыз иісі ғимараттың бірнеше қабатына түгел тарап, онсыз да әрең жатқан науқастардың тынысын тарылтты. Жақсылық Омар тез арада шатырды тазалауда тапсырды.    

Фото: F16.kz

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Кубок үшін күрес: Өскеменде полицейлер хоккей бәсекесінің көрігін қыздырды

Кубок үшін күрес: Өскеменде полицейлер хоккей бәсекесінің көрігін қыздырды

22.04.2026, 18:30
Шығыс Қазақстанда 4G/5G желілерін дамыту бойынша келісім жасалды

Шығыс Қазақстанда 4G/5G желілерін дамыту бойынша келісім жасалды

22.04.2026, 18:14
RES 2026: ШҚТУ экология мен технологияны тоғыстырған модель ұсынды

RES 2026: ШҚТУ экология мен технологияны тоғыстырған модель ұсынды

22.04.2026, 18:00
«Мобильді прокурор»: кәсіпкерлер енді онлайн шағым түсіре алады

«Мобильді прокурор»: кәсіпкерлер енді онлайн шағым түсіре алады

22.04.2026, 17:39

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Кубок үшін күрес: Өскеменде полицейлер хоккей бәсекесінің көрігін қыздырды

22.04.2026, 18:30

Шығыс Қазақстанда 4G/5G желілерін дамыту бойынша келісім жасалды

22.04.2026, 18:14

RES 2026: ШҚТУ экология мен технологияны тоғыстырған модель ұсынды

22.04.2026, 18:00

«Мобильді прокурор»: кәсіпкерлер енді онлайн шағым түсіре алады

22.04.2026, 17:39

Өскеменде өртенген үйден ер адамның денесі табылды

22.04.2026, 17:02

Тарбағатайлық талантты балалар Өскемен жұртын тамсандырды

22.04.2026, 16:58

Президенттер RES 2026 көрмесін аралап, озық технологиялармен танысты

22.04.2026, 16:20

Қазақстан «жасыл» бағытқа бет бұрды

22.04.2026, 16:00

Тоқаев: БҰҰ Жарғысы – тапсырыспен қолданатын құжат емес

22.04.2026, 15:31

Қасым-Жомарт Тоқаев экология мен болашақ туралы айтты

22.04.2026, 15:00

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған