Ұлытау облысының Сатпаев қаласында белгісіз ер адам пәтерге кіріп бара жатқан қызға подъезде шабуыл жасап, оны зорламақ болған, деп хабарлайды F16.kz.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада белгісіз ер адамның подъездің есігінен ішке енген қызды артқы жағынан келіп күшпен сыртқа қарай сүйрегені анық көрінеді. Қыз айғайлап көмек сұраған сәтте бірінші қабатта тұратын көршілердің бірі естіп, сыртқа шыққан. Сол кезде еркек қаша жөнелген.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті дереу ұсталып, қамауға алынған.
Фото: видеодан алынған кадр