Қытайдан Қазақстанға келетін жолаушылар саны күрт өсті. Биылғы бірінші жартыжылдықта көрші елде ұшақ билетін брондау былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 86%-ға артқан, деп хабарлайды F16.kz порталы kaz.inform.kz—ке сілтеме жасап.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметіне сүйенсек, биылғы бірінші жартыжылдықта Қытайдан Қазақстанға қатынайтын ұшақ билеттерінің саны 86%-ға артса, Өзбекстанға – 78%, Тәжікстанға – 48% пайыз, Қырғызстанға екі есе өскен.
Кейінгі кезде Қытай Орталық Азиямен халықаралық әуе желісін кеңейту үстінде. Жуықта China Eastern Airlines жаңа Шанхай-Алматы бағытын, ал China Southern Airlines Гуанджоудан Алматы мен Ташкентке рейстер ашуды көздеп отыр.
Айта кетейік, Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим енгізілгелі бері 2024 жылы Қытайдан Қазақстанға сапарлаған туристер саны 655 мың адамға жеткен, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 78% көп.
Биылғы жыл басында Қытайдың ірі туристік платтформаларының бірі Қазақстанды 2025 жылдың болашағы зор ең дамыған бағыттарының бірі ретінде атаған.